«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру жайы талқыланады

2017 жылғы 20 Қаңтар
7356 просмотров

Мемлекеттік органдар қызметін бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзі реттеу ұйымдарына өткізу мәселелері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болады

Ұлт жоспарының 97-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және мүдделі мемлекеттік органдар бірлесе отырып, 2-ші қызметтер тобына қатысты реттегіш әрекеттерді сараптау және/немесе нарықтың аталған процеске өту даярлығын сараптау жөнінде бірқатар жұмыстарды қолға алды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр М.Әбілқасымованың жетекшілігімен, 2017 жылы аталған жұмыстарды жүзеге асыру бойынша негізгі шараларды талқылау жиналысы өтті.

Басқосу қорытындысы ретінде, бірқатар мемлекеттік органдарға биылғы жылдың қаңтар айының соңына дейін, 2-ші қызметтер тобына қатысты реттегіш әрекеттерді сараптау және/немесе нарықтың аталған процеске өту даярлығына сараптама жүргізу жөнінде салалық жұмыс топтарын құру туралы тапсырма берілді. Айта кетер жайт, олардың қатарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері де бар.

Аталған жұмысқа қатысқысы келетін барлық тұлғаларға, биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін, мемлекеттік органдардың жұмыс топтары құрамына енгізу үшін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тиісті салалық департаменттеріне үміткерлер тізімін жолдауларыңызды сұраймыз.

Аталған жұмысқа қатысты қосымша ақпаратты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтынан таба аласыздар: http://palata.kz/ru/services/17-peredacha-gosfunkcij-v-ks-i-sro


Еншілес ұйымдар

Серіктестер