«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеңес алаңы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелерін төрешілдіксіз шешуге мүмкіндік береді

2018 жылғы 14 Маусым
7172 просмотров

«Атамекен» алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мемлекетті-жекеменшік серіктестік жобаларын бақылау кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов тө рағалықетті.

Кеңес төрағасы алғашқы отырыстың бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган тарапынан белсенділік танытуына себепші болғандығын атап өтті.

«Көпшілік біздің жұмысты үкіметтік деңгейде де, қоғамдық деңгейде де байқады. «Атамекенге» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы жүйелі сипатқа ие мәселелер үнемі түсіп отырады. Осыған байланысты әрбір отырыста біз өңірлердің шағымдарын таңдайтын боламыз. Өткен отырыста Астана қаласы әкімінің баяндамасы қарастырылды. Ендігі кезекте Алматы қаласы әкімінің мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру бойынша баяндаманы қарастыруды ұсынамын», – деп алғы сөзбен отырысты ашты Аманжан Жамалов.

Жүзеге асқан 223 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының 5 жобасы Алматыға тиесілі. Екі жоба қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Спортсмендерді дайындау жүргізілетін, олимпиадаға сақтық қор дайындайтын арнайы балалар мен жасөспірімдер мектебі жұмыс істейтін жекеншік инвестор есебінен велотрек тұрғызылады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мектеп маңында спорт алаңдары тұрғызылып, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару кешенді жүйесін енгізіледі, қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүзеге асырылатын болады.

Кеңес төрағасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру мәселесі бойынша түйіткілдерді шешуге белсенді атсалысатындығын атап өтті. Министрлік тарапынан қолдаудың арқасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелерін шешу өлі нүктесінен қозғалыс тапты. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын бақылау кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Ұлтттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленов кеңестің алғашқы отырысында айтылған ұсыныстарды орындау бойынша баяндама жасады.

«Кеңестің барлық ұсыныстары ескеріліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан жұмыс атқарылды. Министрлік орталық мемлекеттік орган және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары саласындағы саясат бекіту министрлік анықтайды. Өткен күн тәртібінде «өтпелі кезеңде қалай әрекет ету керек?» деген маңызды мәселе тұрды. Мысалы, осыған дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тұжырымдамасы болды, қазір бизнес-жоспар. Осы тұста бизнестің бұрын болған жобаларға жаңа тұжырым алу қажет пе деген сынды сұрақтары туындайтын. ҚР Ұлттық экономика министрлігі түсіндірме жасап, тұжырымы бар жобаларға жаңа тұжырым жасаудың қажеті жоқ екендігін айтты», – деді Руслан Даленов.

Өз кезегінде «Атамекен» кеңес мүшелеріне реестрге енгізу керек жаңа түйіткілдерді атады. Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәселелерді бақылау үшін айқын статистика қажет екендігін атап өтті.

«Өкінішке орай, қазіргі күні статистика жергілікті атқарушы органдар мәліметіне негізделіп, Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазорталығымен әзірленеді. Негізінен ақпарат толық емес, статистикада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттарының түрі, шарттардың қайсысы құрылыс элементтерімен, қайсысы жаңартулармен екендігі айқындалмайды», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекен» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттарының статистикасы көптеген өңірлерде мемлекеттік тапсырыс негізінде анықталады деген шешімге келді. Ұлттық палата мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттарының статистикасын жүргізу талаптарын анықтауды және Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазорталығының ақпараттық базасын жандандыруды ұсынды.

Юлия Якупбаева мемлекеттік-жекеменшік серіктестік заңнамасын ырықтандыру белсенді жүргізіліп жатқандығын және осы орайда жобалардың белгілері әлсіз болып кеткендігін айтты.

«Бірқатар өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары ретінде сатып алулар келісім шарттары жүреді. Бұлай болмауы тиіс. Бізге бірінші кезекте мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік заңдарының әсер ету салаларын нақты анықтап алу қажет. Және жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік орган және Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазорталығымен келісім шарттарын тексеру керек», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекеннің» бастамасын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким қолдады.

«Айтылғанға қосыламын. Шынында, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларымен түсініспеушілік көп. Себебі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік деп қай жобаларды айтатынымыз жөнінде нақты қағида жоқ. Мемлекеттік сатып алулар осы тізімде жиі орын алатындығы да осы себептен. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік белгілерін заңнамалық негізде нақты анықтау ұсынысы бар», – деді Роман Ким.

Әкімдіктер бағалы қағаздар шығаруды бастаса, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің ірі жобаларын жүзеге асыру аясында банктерде несие ресурстарын жұмылдыру үшін жеткіліксіз кепілдік қамтамасыздандыру мәселесін шешуге болады. Аталмыш ұсынысты Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева айтты.

«Бүгінгі таңда осы сынды схема тұрғын үй құрылысы саласында жартылай жүзеге асырылуда, бағалы қағаздарды сатып алу «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікте де белгілі бір пилоттық жобаларды қарастыра аламыз. Өңірлерден пилоттық жобаға дайын адам болса, дәл сол схема сынды жұмыс жүргізіп көруге болушы еді», – деді Юлия Якупбаева.

Қазіргі күні Қазақстанда құны 2,5 трлн теңгеден асатын жүзеге асудың әртүрлі деңгейіндегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің 1069 жобасы бар. Мәселен, құны 500 млрд теңгеден жоғары БАКАД жобасы шетелдік бірлестікпен жүгізіледі. Ұлттық палата құрылыста, күрделі жөндеу жұмыстарында және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нысандарын жаңартуда қазақстандық құрамды ескеру ұсынысын айтты. Аталмыш ұсынысты өңірлердегі бизнес, Парламент Мәжілісінің депутаттары - кеңес мүшелері қолдады.

Сонымен қатар, отырыс барысында кәсіпкерлер мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа және әлеуметтік салаларға байланысты сұрақтар қойды. Кәсіпкерлерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» №717 ережесіне қашан қол қойылатындығы қызықтырды.

«Өзекті әрі қажет сұрақ. Біз бұл мәселені «Атамекен» алаңында талқылаған едік. Бүгінгі таңда аталмыш мәселе бойынша маңызды тұстарда ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және ҚР Қаржы министрлігімен шарт жасау бойынша түсініспеушіліктеріміз бар. Өзара мәселелерді шешкен соң, жақын уақытта ережелер қабылданатын болады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

«Атамекен» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түйіткілдер реестрін толтыру және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау бойынша бизнес-қауымдастықпен белсенді жұмыс жүргізеді.

Аманжан Жамалов кеңес алаңы өзінің ауқаттылығын дәлелдеп, оң нәтижелер көрсетіп жатқандығын, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелерін шешу бойынша төрешілдікті қысқартуда жақсы жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.

«Аталмыш алаң мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруда өлі нүктесінен қозғалды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті бақылау бойынша кеңесте өңірлерді сатылы қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі таңда жоспарлы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары артуы байқалуда. Осы арқылы өңірлерді дамытуға болады. Әсіресе құрылысты көздейтін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруда жергілікті қамтуды ескеруді ұсынамыз», – деді Аманжан Жамалов.

Кеңес отырыс нәтижесінде төраға қажет деп саналатын төменде көрсетілген ұсыныстар айтты:

  • Бірінші, кеңестің үшінші отырысына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруды бақылау бойынша Жол карта бекіту;
  • Екінші, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен мемлекеттік органдарға пилоттық жобалар тізімін ұсынып, бағалы қағаздар шығару мүмкіндігін қарастыру;
  • Үшіншіден, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жоспарлауда жергілікті атқарушы органдар құрылыс барысында қазақстандық қамтуды ескеру;
  • Төртіншіден, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және мемлекеттік сатып алулар заңдарының әрекет ету саласын айқындау үшін талаптарды анықтау. Нәтижесінде осы талаптар зағнамалық өзгерістер енгізуге негіз болады;
  • Бесіншіден, жоспарлы периодтар бойынша лимиттерді үйлестіру мүмкіндігін қарастыру.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер