«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан лифтшілері одағы ұлттық стандартты бекітті

2019 жылғы 05 Ақпан
6131 просмотров

Лифт шаруашылығын жетілдірудегі келесі кезең – нормативті-құқықтық актілерде ұлттық стандарттарды бекіту болмақ. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитеттің кезекті отырысында «Лифтшілер одағы» ЗТБ президенті Нұрлан Кенжебаев айтты.

Спикер пилоттық жоба іске қосылғаннан бастап лифт шаруашылығы – лифтілерді тексеруден Ұлттық стандарттарды қабылдауға дейінгі кезеңді өткенін атап өтті.  

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы заң жобасында жабдықты пайдалану стандарттарға сай жүргізіледі делінген. Алайда заң жобасының шығу мерзімі ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланған.

«Бұл үдерісті тежейді. Сондықтан Одақ стандарттарды нормативтік-құқықтық актілерге енгізу бойынша жұмысты жүргізуде. Бұл шара аккредиттеу органы арқылы  Өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесі – лифт шаруашылығы жағдайын анықтауға, сонымен қатар басқа да компаниялардың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша біз нарықты заңсыз мүшелерден тазартқымыз келеді», – деді Нұрлан Кенжебаев.

«Казахстанский регистр» ЗТБ Президенті Светлана Заитова ол үшін ұлттық стандартты жергілікті атқарушы органдардың бұйырықтарында сілтемелі құжат ретінде жасау керек деп айтты.

Қоғамдық сана мәселесі әлі де өзекті. «Лифтшілер одағы» ЗТБ Басқармасының мүшесі Алексей Гесстің айтуынша, адамдар қызмет көрсету бойынша арзан баға ұсынатын компанияларды таңдайды. Көп жағдайда мұндай компанияларда жеке диспетчерлік қызметі жоқ, олар қызметті адал жеткізушілер тізіміне кірмейді.

«Бізде өтемақылық қор құрылған. Енді Өзін-өзі реттеу ұйымы мүшесінің кінәсі салдарынан апат орын алған жағдайда жабдықты жөндеу Одақ есебінен жүргізіледі. Жуырда сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасалады. Енді біз адамдар өміріне жауаптымыз», – деді Алексей Гесс.

Бүгін лифт шаруашылығы алдында пәтер иелерінің кооперативімен меморандумға қол қою мәселесі тұр. Оның шеңберінде тарифті белгілеу мәселесі қаралады.

 «Пилоттық жоба бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталаған. Орын алған барлық бұзушылықтар лифт жабдығын пайдалану қауіпсіздігіне, демек адамдардың өмірі және денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. 2018 жылдың соңында Астана қаласы әкімінің орынбасарымен бірлесіп,  пәтер иелерінің кооперативтерімен қарым-қатынас орнату мәселелері бойынша жалпы жиналыс өткіздік. Меніңше, бұл ынтымқастықтың және өзін-өзі реттеуді сәтті енгізудің жақсы жалғасы», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.  

 Бүгінгі таңда тұрғын үй қорының 80% – шамамен 70 лифт шаруашылығы өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері.

 Жиынды қорытындылай келе, Рустам Жүрсінов лифт саласына қатысты тәжірибені бүкіл республикаға тарату бойынша ұсыныс айтты.

 Естеріңізге салсақ, 2018 жыл 21 маусымда Лифт шаруашылығы қызмет көрсету саласындағы реттеуді жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жасалған меморандум шеңберінде мамандар осы үш ай ішінде Беларусь, Қытай, Түркия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Кореяда өндірілген, қызмет етуі 6-12 жыл аралығындағы 2400 лифтіге зерттеу жүргізді. Шатырдан су ағу, машина орналасқан жерде ауа кондициялау жүйесінің болмауы, кері диспетчерлік байланыстың болмауы сынды шамамен 470 бұзушылық анықталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер