«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата кәсіпкерлікті талдаудың басты құралы – «Бизнестің цифрлық картасын» таныстырды

2025 жылғы 23 Қыркүйек
665 просмотров

Ұлттық экономика министрлігінде өткен жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов флагмандық жоба – «Бизнестің « картасын» (БЦК) таныстырды. Отырысты Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жүргізді. Жүйе барлық мемлекеттік және ведомстволық деректермен интеграцияланады және елдегі кәсіпкерліктің жай-күйін объективті талдау құралы болуға арналған.

Ұлттық палата әзірлеген Бизнестің цифрлық картасы – бұл аналитикалық тақталар, болжамды модельдер және таза статистикасы бар модульдік жүйе. Ол кәсіпкерлікті дамытудың объективті және өзекті бейнесін қалыптастыруға, қолдау шараларының тиімділігін бағалауға, инвестициялық белсенділікті талдауға және мемлекеттік органдарды өлшенген шешімдерін қабылдау құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында ҰКП Төралқасының Төрағасы атап өткендей, жаңа жүйе мемлекеттік және ведомстволық мәліметтер базасымен біріктіріліп, елдегі кәсіпкерліктің жай-күйін объективті талдауға мүмкіндік береді.

Егер бизнес үшін мүмкіндіктер туралы айтатын болсақ, бірыңғай Цифрлық карта арқылы қолдау шаралары, өңірлердің басымдықтары және олардың мамандануы, инвестициялық жобаларды іске асыру, қызмет түрлері бойынша міндетті талаптар туралы деректерді, сондай-ақ, өндірілетін өнімге сұраныс туралы ақпаратты алуға болады.

Бұл деректер бизнеске дамуды жоспарлауға, жаңа тауашаларды табуға және стратегияны тиімді құруға мүмкіндік береді.

Мемлекет үшін БЦК:

  • басым салалық тауашаларды дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингінің құралы;
  • тапшылықтар мен өсу нүктелерін анықтауға мүмкіндік беретін сұраныс пен ұсынысты талдау жүйесі;
  • кәсіпкерлік ахуалдың жай-күйі мен қолдау шараларының тиімділігінің объективті көрінісінің қайнар көзі;
  • мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылау құралы.

Жоба 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және Мемлекет басшысының цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын пайдалану тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің шамамен 40% және елдегі жұмыспен қамтудың жартысына жуығын қамтамасыз етеді. БЦК дәл талдау және мемлекет пен кәсіпкерлердің жүйелі өзара іс-қимылы есебінен осы көрсеткіштердің одан әрі өсуіне ықпал етуі тиіс.

Қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдармен (ҰЭМ, ЦДИАӨМ) бірлесіп QazTech платформасында БЦК енгізуді пысықтауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174