«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Гипсокартон өндірісі 22%-ға өсті: Ұлттық палата отандық өндірушілердің мүддесін қорғады

2025 жылғы 08 Қыркүйек
1195 просмотров

Қазақстан құрылыс материалдары нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында отандық өндірушілерді қолдауға басымдық беріп отыр. Үшінші елдерден гипсокартон импорттауға уақытша тыйым салу осындай қолдау шараларының бірі болды.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық компаниялардың мүддесін жүйелі түрде қорғап, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдай жасауды үнемі қолдап келеді. Осылайша, биыл сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин төрағалық еткен Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Палатаның шектеу шараларын енгізу жөніндегі бастамасын қолдады. Нәтижесінде, үшінші елдерден гипсокартон әкелуге 3 ай мерзімге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі қол қойды.

Бұл шараның жағымды әсері бірнеше апта ішінде байқалды. Отандық өндірушілердің («Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС және «ИСИ Гипс Индер» ЖШС) деректеріне сәйкес, өндіріс көлемі 22,5%-ға өскен. Өндірістің өсуімен қатар, кәсіпорындардағы жұмыспен қамту көлемі артып, технологиялық үрдістерге тартылған аралас салаларға да тапсырыстар көбейді.

«Бұл нәтижелер уақытша тыйым салудың нақты әсерін көрсетіп отыр. Біз өндірістің жандануын және отандық компаниялардың позициясының нығаюын көріп отырмыз. Шектеу шараларын ұзарту мәселесін қарастыру орынды деп есептейміз», – деді «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Гүлмира Қажыбекова.

29 тамызда аталмыш мәселе Ведомствоаралық комиссия отырысында қайта қаралды. Қазір «Атамекен» уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, тыйым салу шарасын ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174