«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңеске үміткерлерді тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

2024 жылғы 18 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1381 просмотров

Дереккөз: «Атамекен» ҰКП

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлерді тіркеу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. Сайлау 2025 жылғы 27-29 қаңтарда өтеді, құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 17-30 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысын не атқарушы органының мүшелерін немесе акционерді немесе қатысушыны осы Қағидаларға №1 қосымшаға сәйкес, нысан бойынша Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттың (сала санатын көрсете отырып) ұсынуы туралы өтініші;

2) кәсіпкерлік субъектісі жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшірмесі (бар болса);

3) кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;

4) кандидаттың түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер;

5) атқарушы органның мүшесі ретінде кандидаттың лауазымын растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін);

6) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

7) есепке алуды мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы, беру мерзімі үш айдан аспайтын анықтама;

8) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек акционерлік қоғамдар үшін);

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидатты қауымдастықтан (одақтан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымнан тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) қауымдастықтың (одақтың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз құрамынан осы Қағидаларға №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшыны не алқалы орган мүшесін Өңірлік кеңес мүшелеріне ұсыну туралы өтініші;

2) қауымдастықтың өңірлік палатада аккредиттелгенін растайтын құжат;

3) қауымдастықтан үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяндық мәліметтер;

4) қауымдастықтан кандидаттың қауымдастықтың бірінші басшысы не алқалы орган мүшесі ретіндегі лауазымын растайтын құжат;

5) қауымдастықтан кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

6) есепті осы кандидатты ұсынған қауымдастықта мемлекеттік кіріс органдары үш айдан аспайтын мерзімде жүргізетін салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер