«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ордабасы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті

2024 жылғы 04 Желтоқсан
- Түркістан облысы
392 просмотров

Жиынға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары О.Болатханұлы, Ордабасы ауданы прокурорының көмекшісі Е.Әріпбай, Ордабасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Ташимова, Ордабасы аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімінің маманы Р.Бейсейтов және кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасын сайлау, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау, бизнеске қатысты мәселелерді қарастыру және ұсыныстарды жинақтау талқыланды.

Аудандық кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі.

Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.


       
Отырыста ашық дауыспен Ордабасы аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы болып  ЖШС «Ақ-Орда-Б» басшысы Бекбосынов Бахытжан Балтабайұлы сайланды. 

Жиында Кеңес мүшелеріне оның функциялары мен ережелері таныстырылып, алдағы 2025 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, бекітілді. Кәсіпкерлерлік кеңес мүшелері тарапынан бизнестің проблемалық мәселелері көтеріліп талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер