«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

19 маусымда Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді 

2025 жылғы 05 Маусым
- Ақмола облысы
1013 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқаудың әлеуетті қатысушылары үшін оқу семинары өтті.

Семинар барысында байқауларға қатысуға өтінім беру тәртібі, ережелер, оларға қатысудың артықшылықтары, тағы басқа шарттар түсіндірілді. Ақмола облысының бизнес субъектілері үшін оқу іс-шарасын «Атамекен»  ҰКП өкілдері өткізді. 
Семинарға отызға жуық тыңдаушы — ірі және орта бизнес субъектілері де, шағын кәсіпкерлік өкілдері де қатысты. «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысты кездесу туралы қатысушыларға Ұлттық палата сарапшысы Татьяна Юн хабарлады. Осы байқауға қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіре отырып, ол қандай номинациялар бойынша жеңімпаздарды іріктеу жүргізілетінін айтты. Олар: өндірістік мақсаттағы тауарлар, халыққа арналған тауарлар және азық-түлік тауарлары.

«Байқауларға қатысу - бедел ғана емес, сонымен қатар насихаттау құралы. Бұл жергілікті компаниялар үшін ұлттық деңгейде танылу, өз брендтеріне назар аударту және өңірден тыс іскерлік байланыс орнату мүмкіндігі», - деп атап өтті спикер. 

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын өткізу осы жылдың 19 маусымына жоспарланған. Өз кезегінде ӨКП директорының орынбасары Гүлден Хаметова Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау 2006 жылдан бастап еліміздің өндіріс және қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорындарын анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіліп келе жатқанын айтты. Байқауға қатысу менеджмент пен өндірістік стандарттардың деңгейін көрсетіп қана қоймай, даму үшін қуатты серпін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар өңірдің бизнес-қоғамдастығы үшін тиімді коммуникациялық алаңға айналады. 

Семинар соңында қатысушылар ақпараттар мен практикалық ұсынымдар алды, сондай-ақ сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер