«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көлік саласындағы реформаны талқылау. Министрлік ұсыныстары жеке меншікке қауіп төндіре ме?

2024 жылғы 30 Қыркүйек
4796 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Көлік министрлігінің көлік саласын реформалау жөніндегі ұсыныстарын талқылау бойынша бизнес өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Онда Қазақстанның инфрақұрылымы мен көлігін жаңғыртуға бағытталған заңнамалық түзетулер басты назарда болды.

Теміржол көлігі. Елімізде мемлекет қатысатын Біріккен вагон компаниясын құруды Көлік министрлігі ұсынды. Қызметтің бағыты – вагондарды сатып алу және оларды тасымалдаушыларға пайдалануға беру. Бұл тәсілді іске асыру аталған компания өкілеттіктерінің мәртебесін айқындау бөлігінде – үстем үлесі (49%), тіпті мемлекет субсидиялайтын заңнамаға өзгерістерді талап етеді.

Ведомствоның түзетулері Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі тапсырмаларына, саланы дамытудың бекітілген стратегияларына және теміржол көлігінің қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік актілерге қарама-қайшы келеді. Бұл қауымдастықтар мен бизнес өкілдерінің наразылығын тудырып, бұл ұсыныстар ақылға қонымсыз деп саналды.

Бүгінде вагондарды пайдалану және жылжымалы құрамды жалға алу нарығы дамыды: салада 300-ге жуық вагон иелері жұмыс істейді. Елімізде жүк вагондарының жалпы паркі 137,2 мың бірліктен асады, олардың орташа жасы 14 жасты құрайды. Оның 67% жеке меншік иелеріне, ал 33% «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобының компанияларына тиесілі.

Сондай-ақ, гибридті форматтағы кездесуде бүгінде жеке меншіктегі магистральдық теміржол желісін (МТЖ) мемлекетке қайтару мәселесі талқыланды. Ұсынысқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар МТЖ объектілерін, сондай-ақ МТЖ белгілері бар басқа объектілерді мемлекеттік теміржол желісінің құрамына беруі тиіс.

Алайда, магистральдық теміржол желісінің белгілері бірде-бір заңнамалық актіде анықталмаған, бұл құқықтық тұрлаусыздық тудырады. Мұндай императивті норманы енгізу заңсыз әрекеттердің, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуының алғышарты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Көлік министрлігінің бастамасы жеке меншікке қол сұғады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясына және жеке меншікті қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатқа қайшы келеді.

Автомобиль жолдары. Президенттің автожолдарды жөндеу бағдарламасы бойынша тапсырмасын іске асыру үшін қосымша қаражат іздеу қажет. Бюджетті ұлғайту жөніндегі шаралардың бірі ақылы жолдармен жүргені үшін берешекті өндіріп алу болып табылады, ол бүгінгі күні 6,6 млрд теңгені құрайды. Берешегі бар шетелдік көлік құралдарының шығуына тыйым салуды енгізу, мұндай автомобильдер үшін арнайы рұқсаттар беруден, сақтандырудан және техникалық байқаудан бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК-на битумды бөлу және битум мен дизель отынының бағасын реттеу жөніндегі функцияларды бекіту ұсынылды.

Су көлігі. Кадр тапшылығын төмендету мақсатында Министрлік белгілі бір шарттарды сақтай отырып, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кемелердің командалық құрамы лауазымдарына шетелдік азаматтарды тартуға тыйым салуды жоюды ұсынады.

Авиация. Көлік министрлігі АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын орнатуды ұсынды. Ол үшін АҚШ Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) ұшу қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша ұсыныстары енгізіледі.

Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен бірлесіп заң жобасына өз ұсыныстарын әзірледі. Оларды Үкімет регламентінің тармағы аясында, осы заң жобасын Парламент Мәжілісінде қарау жоспарлануда. Айта кету керек, бұл Көлік министрлігі бизнес-қауымдастықтың пікірін елемейтін екінші жағдай болып отыр. Алдында теміржол көлігін дамыту Тұжырымдамасы бизнес-қауымдастықтың қатысуынсыз бекітілген болатын. Енді министрліктің кезекті бастамасы бизнеспен және тасымалдау процесіне қатысушылармен алдын ала келісілмеген.

Бизнес-қауымдастықпен бірлесіп әзірленген шешімдер елдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, инвестициялар тартуға және көлік саласының тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер