«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті табысты жүргізу үшін кәсіпкерлердің шағымдары бірлесіп қаралады

2023 жылғы 01 Желтоқсан
4980 просмотров

 «Атамекен» ҰКП алаңында Бас прокуратура, мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебайдың төрағалығымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Жұмыс тобы бизнес субъектілерінің құқығын қорғау және қалпына келтіру, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын сапалы қарауға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында құрылды.

Кезекті жиында «Атамекен» ҰКП-ның 9 проблемалық кейсі және ұзақ уақыт бойы өз шешімін таппаған қылмыстық процесте бизнесті қорғау мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары қаралды.

Әр кейсті қарау барысында кәсіпкерлер өз проблемасын баяндап, прокуратура қызметкерлерінен кеңес алды. Кәсіпкерлердің шағымдары бақылауға алынды.

Жиында қылмыстық қудалауға тартылған шетелдік инвестордың мәселесі қаралды. Оған қатысты қылмыстық қудалау оңалту негіздері бойынша тоқтатылды.   

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай атап өткендей, кәсіпкерлердің келіп түскен өтініштері Бас прокуратураның түсіндірмесімен сүйемелденетін болады. Өтініш берушінің қадағалау органы өкілдерінен бірден түсіндірме алу мүмкіндігі дәйектерді тез қарау және қысқа мерзімде жауап алу мүмкіндігіне ықпал етеді.

 «Кәсіпкерлік қызметтегі бар проблема мен кедергілерді шешу, сондай-ақ осы шешімдердің іске асырылу барысын бақылау мүмкіндігі бойынша жақсы бастама қаланды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деп түйіндеді Мәлік Сәулебай.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас