«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасын қайта пысықтауды сұрайды

2023 жылғы 06 Ақпан
6884 просмотров

Бизнес-қоғамдастық 2023-2029 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын талқылады. Кәсіпкерлер құжатты бекітпес бұрын бизнеспен жұмыс істеуді сұрайды.

Құжаттың маңызына қарамастан, әзірлеушілер – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті және индустриялық саясат департаментінің өкілдері кәсіпкерлермен кездесуге келмеді.

 «Премьер-министрдің тұжырымдаманы кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып пысықтау туралы тапсырмасы болды. Өкінішке қарай, бүгін талқыға түскен  презентацияны бизнес алдын ала алған жоқ. Талқылау қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП ведомствоға қайта жібереді, онда бизнестің ұсыныстарын ескеруді сұраймыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Олег Пак.

 Құжат үш блоктан тұрады: жүйелі шаралар, тікелей ынталандыру шаралары және индустриялық жобалар. Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар жөнінде ұсыныстар айтылды.

 Қаржыландыру және 2029 жылға дейін мақсатты көрсетіштер мәселесі жекелей көтерілді. Тұжырымдама шеңберінде Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 400 млрд теңге, Қазақстанның Даму Банкі арқылы 70,5 млрд теңге бөлу көзделген.

 Кәсіпкерлер тұжырымдама кәсіпкер пайдалана алатын барлық артықшылық пен бағдарламаларды көрсетпейтінін атап өтті.

«QazIndustr» АҚ индустриялық саясат дирекциясының басшысы Екатерина Калмыкованың айтуынша, құжатта сауда сияқты басқа да салалық министрліктерге қатысты қолдау шаралары көрсетілмеген. Егер кәсіпкерлер сауда арқылы отандық өндірушілерді қолдауға арналған қандай бағдарламалар бар екенін білгісі келсе, кәсіпкер салалық ведомствоға жүгінуі тиіс.

KPI бөлігінде салалық орган өндірістің нақты өсуі, жалпы қосылған құн, еңбек өнімділігі, негізгі капиталға инвестициялардың көрсеткіштерін қарауды ұсынады. Мәселен, 2029 жылға қарай өндірістің өсу көрсеткіші бойынша 1,4 есе жоғарылату көзделген.

 «Демек, сала 3-4 пайыз өсуді көрсетуі керек, бірақ бұл қалыпты өсу деңгейі. Мысалы, машина жасауда өсу 9,5 пайызға тең. Ұсынылған индикатор әлісіз, оған тағы да назар аударуды, сондай-ақ әрбір өңдеу саласы үшін пайызды жеке көрсету мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – деді «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов.

Жұмыс шеңберінде болат пен полипропиленге жеңілдікті баға белгілеуді қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл шара қазірдің өзінде алюминий, мыс және қорғасынға қолданылып жатыр.

Кәсіпкерлер преференциялар тау-кен-металлургия секторына бағдарланғанын, ал Қазақстанда мақта, ПЭТ-бөтелкелер өндірілетінін, олар да шикізат ретінде қызмет ететінін, бірақ оларға преференциялар қолданылмайтынын атап өтті.

 «Әлемдік күн тәртіпті және тұжырым 2029 жылға дейін қарастырылған ескере отырып, құжатқа қайталама шикізатты қайта өңдеуді қосуды ұсынамыз. Әлемде бұл тақырып өте маңызды, ал бізде мүлде назарға да алынбайды. Біз преференция мәселесімен жүгіндік, алайда өнеркәсіптің басым түрлерінде біздің сала аталмаған», – деді «Қазақстанның қаптамашылар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Кузнецова.

 Сонымен қатар жиында тқжырымдамаға стратегиялық шикізатты қосу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Ол үшін алдымен ұғымды заң негізінде бекіту қажет.

 Тұжырымдама шеңберінде инженерлік-техникалық мамандар үшін шетелде тағылымдамалардан өту бастамаланды, онда шығынның 50% мемлекет төлейтін болады. 500-ге дейін маман даярлау ұсынылды.

Жиынды қорытындылай келе, Комитет төрағасы бизнес айтқан ұсыныстар хаттамада тіркелетінін және одан әрі бірлесіп пысықтау үшін министрлікке жіберілетінін атап өтті.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер