«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамытуға – 25 млрд теңге

2016 жылғы 05 Қазан
12034 просмотров

Шағын және орта бизнестің жаңа объектілерін ашу бюджет есебінен қаржыландырыла береді

Қазақстан Үкіметінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы талқыланды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнестің инфрақұрылымдық дамуын қолдау.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында кәсіпкерлік нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды қарастыра келе, 2015-2016 жылдарға 25 млрд теңге қарастырылды. Оның 15 млрд теңгесі 2016 жылға бөлінген», – деп хабарлады Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ министр, қаржыландыру жоспары бойынша биыл әкімдіктерге 9 млрд теңге аударылғанын және оның 8 млрд теңгесі немесе 90%-ы игерілгенін атап өтті.

«Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктері  қаражатты толық игерсе, ал ШҚО әкімдігі – 80%-ын, ОҚО әкімдігі – 85%-ын игерді», – деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.

Ұлттық экономика министрінің ақпараты бойынша, қаражаттың толық игерілмеу себебі жұмыс кестесінен қалып қоюмен, мердігерлердің міндеттерін орындамаумен, сондай-ақ Қаржылық бақылау комитетінің жүргізген тексерулері кезінде ШҚО-да жобаның жүзеге асырылуының тоқтатылуымен байланысты.

«Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында инфрақұрылым жетіспеушілігі 126 шағын және орта бизнес субъектілерінде жүргізілді», – деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ экспорталды және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Бәйтерек» холдингінің облигациялық қарыздары арқылы 15 млрд теңге қарастырылған. «Бүгінгі таңда «Қазақстанның Даму банкі» сомасы 18,8 млрд теңге 7 жобаны мақұлдады. Оның сомасы 4,6 млрд теңге болатын 3 жобасы қазірдің өзінде қаржыландырылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 22,4 млрд теңге болатын 9 жоба қаралып жатыр», – деді министр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер