«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жоспардан тыс тексеру ашық жүргізілуі керек – Рустам Жүрсінов

2018 жылғы 04 Сәуір
5968 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов «Atameken Business Channel» телеарнасындағы бағдарлама барысында хабарлады.

«Халықтың өмірі мен қауіпсіздігіне қатыстының барлығы бақылауда болуы тиіс. Қандай бақылауда болуы керектігі басқа мәселе. Соңғы жылдары мемлекет бизнеске қойылатын артық шектеулерды алып тастауға қатысты көп жұмыс атқарды. Оған бақылау функцияларын 30%-ға, талаптарды 50%-ға азайту кіреді. Егер ресми мәліметке сүйенсек, 2017 жылы ауданы 1,5 мың шаршы метрден астам сауда нысандарына тексеру жүргізілген, яғни 800-ден астам нысан, оның ішінде 300 нысан ғана талапқа сай. Шамамен 500 нысанда олқылықтар мен тәртіп бұзушылық анықталған – егер мемлекет бақылау аймағынан шығарылса, ол қоғамдық бақылаумен алмастырылуы керек», ­- деп есептейді Рустам Жүрсінов.

Басқарма төрағасының орынбасары ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы мен сауда субъектілерін өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілігін тексеру басталғанын, бұл жоспардан тыс тексеру 30 маусымға дейін жалғасатынын атап өтті.

«Атамекен» өз тарапынан тиісті шараларды қабылдады.

«Өңірлік палаталарға сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктері мен бизнеске қысым көрсету орын алмас үшін тексерулерге қатысу тапсырылды. Бұл барынша ашық процесс болу керек», - деді спикер.

Сонымен қатар Рустам Жүрсінов сақтандыру жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.

«Дегенмен сақтандыру жауапкершілігі мәселесін күшейту қажет. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және шығынды өтеу. Егер компания сақтандыруды жасаса, қауіп-қатерді де бағалайды. Егер сіз талаптарды сақтамасаңыз, онда сақтандыру төлемі де сізден көп алынады, сәйкесінше кез келген бизнес сақтау құралдарына инвестициялауға көңіл бөледі», - деді Рустам Жүрсінов.

Спикер сондай-ақ қоғамдық бақылау мәселесіне қатысты пікір білдірді

«Тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты қоғамдастықтарға жеке тоқталғым келеді. Олардың саны бүгінде 63-ке жетті. Оның ішінде ірі қоғамдастықтар да таныс. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі лига, «Адал» және басқалары бар. Жұмыстары енді басталып келеді. Оларға сарапшылық қолдау қажет, олардың құрамында еңбекақы төленетін мамандар болуы керек, аккредиттелген зертхана да қажет», - деп түсіндірді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Аталған қоғамдастықтарды палатаның жанынан құру оның міндетіне қайшы келетінін ескере отырып, Ұлттық палата мемлекеттік органдардың алдында осы мәселені қоюға дайын.

«Назарға алатын тағы бір мәселе – құрылыс нормалары мен ережелері. Негізінен құрылысқа қойылатын нормалар мен ережелерді қайта қарау қажет. Мысалы, сауда–ойын-сауық орталықтарының төбесі шамамен 10 метрдей, оған ілінген тақтайшаны кім көреді? Инвестициялар және даму министрлігімен қайта қарауға келістік, бұл мәселені кешенді түрде қолға алу керек. Ал үкіметтік шараларға келер болсақ, біз кей тұстарда Ішкі істер министрлігін қолдаймыз. Тексерулер кестеге сай ерекше тәртіпте жүргізіледі және алдын ала жарияланады. Кәсібін адал атқармайтын бизнесмендер тексеру кестесіне енгенін көрген соң, қайта құруды жүзеге асырады немесе атауын өзгертеді, осылайша қағаз жүзінде уәкілетті органның тексеруіне мүмкіндік бермейді. Біз «Атамекен» ретінде осындай тәсілдерге қарсымыз, осы ретте Ішкі істер министрлігін қолдаймыз, қайта құрылғанына немесе атауын өзгерткеніне қарамастан қауіптілігі жоғары нысанға тексеру жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті Басқарма мүшесі.

Рустам Жүрсінов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай түзетулерді қолдауға дайын екендігін түсіндірді. Уәкілетті орган жол картасын дайындады, оған «Атамекеннің» барлық ұсынысы енгізіледі. Қажетті іс-шараларды мемлекеттік органдар өткізеді және тиісті заң жобасы ҚР Мәжілісінің қарауына беріледі.

«Бұл кәсібін адал атқармайтын кәсіпкер болса және бақылаудан қашқақтаған жаңдайда ғана қолданылады», - деп тұжырымдады спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер