«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балабақша иелері қолайсыз санитарлық талаптарды орындауға мәжбүр

2017 жылғы 20 Қаңтар
20540 просмотров

Шағын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің иелері, Қазақстандағы бизнеске қатысты санитарлық талаптарды қайта қарау қажет деп отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі отырысында, бизнес өкілдері мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру нысандарына қатысты орынсыз талаптар туралы шағымданып, оларды тез арада өзгертуді сұрады.

Олар қолданыстағы ережелер бойынша нақты мысалдар келтірді. Мысалы, 1,5 жастан асқан бөбектер тобының әжетхана бөлмелерінде екі балалар қолжуғышы, бір балалар унитазы, ағызу орны, душ тегені, сондай-ақ, балалар горшогы ұяшықтарына әдейілеп жасалған шкаф-стеллаж болуы тиіс. Сол сияқты жылыту маусымында ауа температурасы келесідегідей болуы шарт:  1) жатын бөлмелерде, демалыс және жаппай мәдени шараларға арналған бөлмелерде, компьютерлік сыныптарда, қызметтік-техникалық, кір жуу бөлмелерінде – +18-ден +22 градус Цельсияға дейін; 2) буфет, киім үтіктеу, кептіру және қоймалар мен киім сақтайтын бөлмелерде – +16; 3) жуыну бөлмесінде – +25.

Ақ және қара нан,  санитарлық талаптарға сәйкес, әртүрлі жерлерде сақталуы тиіс екен (әртүрлі шкафтарда немесе әртүрлі сөрелерде). Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы қызметкерлері, егер шкафта ауа кіруге қажет тесік болмаса немесе шкафтың төменгі сөресі еденнен 35 см-ға жетпей орналасса да ескерту жасайтын көрінеді.

Шығарылатын өнім тізімінің түрлері мен мәзірді, шағын бизнес өкілдері, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшесінің келісімімен алуға мәжбүр екен.  Ал, азық-түлік тағамдарын тасымалдау санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар актокөлікпен ғана тасымалдауы тиіс екен.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің топ бойынша, орналасу аумағына келер болсақ, киім ілетін орын (қабылдау бөлмесі) – 1 балаға 0,7 шаршы метрден кем болмауы тиіс; бөбек тобына арналған ойын бөлмесі аумағы – 1 балаға 2,5 шаршы метрден кем болмауы керек; мектепке дейінгі топтар үшін – 2,0 шаршы метрден кем болмауы тиіс; буфет бөлмесі – 3,8 шаршы метрден кем болмауы тиіс, жатын бөлме – бөбек тобы үшін, 1 балаға 1,8 шаршы метрден, мектепке дейінгі топтар үшін – 2 шаршы метрден кем болмауы тиіс; әжетхана – 1 балаға 0,8 шаршы метрден кем болмауы керек. 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері нысандарының көптеген медициналық есептік-тіркеу құжатнамасында келесі құжаттар болуы тиіс:  

1) инфекциялық ауруларды тіркеу журналы; 2) соматикалық аурулар журналы; 3) өткір инфекциялық ауруларды тіркеу журналы; 4) карантинді тіркеу журналы; 5) профилактикалық екпелер картасы; 6) профилактикалық екпелер журналы; 7) вакциналарды және өзге де бактериалды препараттарды салу журналы; 8) Манту сынамаларын тіркеу журналы; 9) Манту сынамасы бойынша тексеру қауіптілігі жоғары балалар тобын тіркеу журналы; 10) физиопедиатрдың қайта тексеруін талап ететін, оң туберкулинді тұлғалар журналы; 11) вакцинадан кейінгі асқынулар журналы; 12) тұрақты және медициналық кейінге қалдыру журналы; 13) ашық құтылар мен вакциналар қалдықтарын жою журналы; 14) қадағалаушы химия-профилактика жүргізу журналы; 15) вакциналар және өзге де иммунобиологиялық препараттарды салу есебі; 16) профилактикалық екпелермен қамту есебі; 17) толық тазалау жұмысы журналы; 18) бөлмені кварцтау журналы; 19) мұздатқыш қондырғының температуралық режимін есептеу журналы; 20) паразитті аурулар қоздырғыштарын тексеруге қатысты тіркеу журналы; 21) гельминттерге тексерілген тұлғаларды тіркеу журналы; 22) дерматомикоз және қышыма, педикулезге тексерілу журналы; 23) профилактикалық медициналық тексеру нәтижелеріне қатысты есеп; 24) баланың денсаулық төлқұжаты; 25) тәуекел тобындағы балалар тізімі; 26) флюрадан өтуі тиіс тұлғаларды тіркеу журналы; 27) дайын өнімдердің бракеражды журналы; 28) тамақ блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы; 29) санитарлық-ағарту жұмыстары журналы; 30) вакциналар аннотациясы бар журнал; 31) бұйрықтар мен нұсқаулықтар; 32) тамақтану ережелерін орындауды бақылау журналы (жинақтаушы тізімдеме бойынша); 33) диспансерлік науқастарды тіркеу журналы; 34) тәрбиеленушілердің жеке медициналық карталары; 35) диспансерлік бақылаудың қорытынды картасы; 36) тереңдетілген медициналық тексерістер, мамандар актілері журналы; 37) азық-түлік шикізаты және азық-түлік тағамдары бракеражы журналы;  38) азық-түлік тағамдары ережелерін орындау жөніндегі бақылау тізімдемесі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер