«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Медикер» менеджменті ISO стандартына сай

2016 жылғы 20 Маусым
15164 просмотров

«Медикер» ЖШС медициналық  компаниясы өзінің бизнес-процестерін халықаралық ISO стандартарына сәйкес сертификаттады

17 маусымда Астанада Қазақстан Республикасындағы Тюринген ТЮФ сертификаттау жөніндегі халықаралық органының өкілі «Медикер» компаниясына сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін сертификат табыстады. 

Медицина қызметкерлерінің күніне орай (19 маусым) өткен рәсімге «Медикер» компаниясы басқарма төрайымы Гүлжан Садырбаева және Қазақстан Республикасындағы  «Интерсертифика-ТЮФ мен ТЮФ Тюринген» ЖШҚ филиалының директоры Әсем Берістенбекова қатысты.

ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесін енгізудің негізгі мақсаты – тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру. ISO 14001:2015 экологиялық менеджменті жүйесін енгізу – компания қызметінің қоршаған ортаға теріс ықпалын азайтуға бағытталған.

OHSAS 18001:2007 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін енгізудің мақсаты – мердігер ұйымдар мен қызмет көрсету аймағындағы басқа тараптар қызметкерлерінің жарақаттануын және аурушаңдығын болдырмау. 

Көрсетілген стандарттарға сәйкес сертификация ерікті негізде жүзеге асады. ISO стандарттары халықаралық ұйымдардың басқаруды жолға қою жөніндегі ең үздік іс-тәжірибесін қамтиды. «Медикер» ЖШС-інде ISO-ны әзірлеу және енгізу жұмыстары бір жарым жыл жүрді, оған «Интерсертифика Қазақстан» ЖШС консалтингтік компаниясы тартылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер