«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру экожүйесі

Ағымдағы жылғы 19 мамырда ШОБ-пен кездесу барысында Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының күш-жігерін ең алдымен алаяқтық, қаражатты жылыстату, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, қаржы пирамидаларын салу фактілерін ашуға бағыттау қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тергеуді бастау туралы мәселені шешу кезінде қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік салаларының аражігін ажырату тетіктерін шұғыл түрде әзірлеуді тапсырды.

Аталған тапсырма және «Атамекен» ҚР ҰКП өзара ынтымақтастығын іске асыру шеңберінде бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру мәселелері бойынша прокуратура органдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы Жоспарды орындау мақсатында Өңірлік палата прокуратура органдарымен, ҚСжАЕК және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс топтарын құратын болады, оның құрамына Өңірлік кеңестің, Құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің, облыстың Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Абай, адвокаттық және заң қоғамдастықтарының өкілдері кіреді.

Жұмыс топтарының негізгі міндеттері:

Бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартуға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізу әдістемесі бойынша жұмыс;

Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізу әдістемесі бойынша жұмыс;

Қылмыстық практиканы талдау;

Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдануға байланысты сот практикасын талдау;

Бақылау-қадағалау саласындағы практиканы талдау;

Қылмыстық практика, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдануға байланысты сот практикасы мәселелері бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарау, мемлекеттік органдардың бизнеске, рейдерлікке және т.б. араласуы;

Егер сіздің құқықтарыңызды қылмыстық қудалау органдары бұзса және сізге құқықтарыңызды қорғау және білікті заң көмегі қажет болса, төмендегі байланыстар бойынша хабарласуға болады:

+7 707 265 7808 - Сүттібаев Әділжан Әлімжанұлы, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174