«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының әкімдігінде кәсіпкерлікті қолдау шаралары талқыланды

2026 жылғы 12 Қаңтар
- Ұлытау облысы
893 просмотров

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Нұртас Қарипбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске облыстық Кәсіпкерлер палатасының, «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Kazakhinvest» ұлттық компаниясы» АҚ-ның, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» және «Halyk Bank» филиалдарының басшылары қатысты.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе өңірде кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ аграрлық секторды дамыту мәселелерін талқылау болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын бизнесті қолдаудың «Іскер Аймақ» бірыңғай бағдарламасын енгізу мәселесі қаралды. Бағдарлама жергілікті өндірісті ынталандыруға бағытталған. Күтілетін нәтижелер ретінде шағын және орта бизнеске инфрақұрылымдық қолдау көрсету, жергілікті өнім өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Бағдарламаның 2026 жылға арналған жалпы бюджеті 24 млрд теңгені құрайды.
Кеңесті қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Нұртас Карипбаев кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

 



Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174