«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық “Марал-Нұр” компаниясы ҚР Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын иеленді

2025 жылғы 05 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
677 просмотров

Бүгін Астана қаласында бизнес қауымдастық үшін айрықша маңызы бар басты шара - Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы, сонымен бірге «Парыз» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Нәтижесінде сапа саласында жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін «Марал-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Алтын Сапа» сыйлығы табысталды.

Сондай-ақ, “СКЗ-U” ЖШС-не «Парыз» сыйлығы бұйырса, “Асыл дән LTD” ЖШС «Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушісі» номинациясымен марапатталды.

Салтанатты шараны Қызылорда өңірі облыс әкімінің міндетін атқарушы Д.Жаналиновтың басшылығымен «онлайн» тамашалады.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес елімізде жыл сайын ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өткізіледі. Аталған Жарлыққа сәйкес конкурстардың ұйымдастырушысы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер altynsapa.kz платформасы арқылы қабылданып, Қызылорда облысынан 3 кәсіпорын «Асыл Дән» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, «Таң LTD» ЖШС өтінім берді.
Аталған кәсіпорындар ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының республикалық кезеңінде Қызылорда облысының атынан қатысты.

Барша жеңімпазды шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз. Сіздердің ел игілігіне бағытталған кәсіптеріңіз жыл сайын өсіп-өркендеп, өз жемісін бере берсін.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174