«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында кәсіпкерлердің салық жүктемесін төмендету мәселесі талқыланды

2025 жылғы 13 Қараша
- Ақмола облысы
387 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында сауда және қызметтер салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда кәсіпкерлікті дамыту, салық салу және сауда мәселелері талқыланды. Мәслихаттардың оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша мөлшерлемені төмендету туралы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын бекітуі басты тақырып болды.

Еске салсақ, Президент 2025 жылдың 18 шілдесінде жаңа Салық кодексіне қол қойды. Негізгі өзгерістердің бірі жеңілдетілген салық пен бөлшек салықты «жеңілдетілген декларациядағы» бірыңғай режимге біріктіру болды.

«2026 жылдан бастап бірыңғай режим жеңілдетілген және бөлшек салықты біріктіреді. Осы режимдегі ЖТС және КТС мөлшерлемесі 4%-ды құрайды. Бұл ретте жергілікті мәслихаттар қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты мөлшерлемені 50%-дан аспайтындай төмендете немесе көтере алады», — деп түсіндірді ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Гүлден Сахаева.

Спикердің айтуынша, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Көкшетау, Қосшы және Степногорск әкімдіктері мен мәслихаттарына осы жылдың 1 желтоқсанына дейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдау туралы өтініш жолдаған. Бұл шешім кәсіпкерлерге салық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе маржасы төмен сауда және қызмет көрсету салалары үшін өте маңызды.

Оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады. Барлық аудандарда жеңілдетілген режим бойынша мөлшерлемелерді төмендету туралы шешімдердің жобалары қабылданды. Ал Бурабай, Астрахан, Жарқайың, Бұланды аудандары мәслихаттарының және Қосшы қаласы мәслихатының сессияларында ставка мөлшерін 2% - ға дейін төмендету туралы шешім қаралып, қабылданды.  Алайда, Жақсы ауданы мөлшерлемені 4% деңгейінде сақтап қалды. Бұл жайт палата өкілдері мен кәсіпкерлерді алаңдатады.

«Жергілікті атқарушы және өкілді орган аудандағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізгі аспектілерін ескермейтінін көріп отырмыз. АСР қолданатын жергілікті кәсіпкерлердің сүбелі үлесі сауда саласында жұмыс істейді және дәл осы санат жоғары салық жүктемесін сақтауға ең осал болады. Жоғары мөлшерлемені сақтау шағын және орта бизнеске қосымша қысым жасайды. Көптеген саудагер салық шығындарын қажетті тауарлардың бағасын көтерместен өтей алмайды. Бұл бизнестің көлеңкелі секторға кету және салық жинауды азайту қаупін арттырады», - деп атап өтті Өңірлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Палата сарапшылары аудандар деңгейінде АСР мөлшерлемесін саралау бәсекелестік ортада алшақтық тудыратынын атап өтті. Төмен мөлшерлемесі бар аудандар кәсіпкерлер үшін тартымды бола бастайды, бұл бизнестің көші-қонын және ішкі сауда ағындарын қайта бөлуді ынталандыруы мүмкін. Сонымен қатар, салық жүктемесінің төмендеуі сауда секторын күрделі экономикалық жағдайда ұстап тұруға, жергілікті өндірісті нығайтуға және шағын және орта бизнестің тұрақты өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осылайша мәслихаттар бюджет кірістерін бір мезгілде қолдауға және басым салалардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік беретін құрал алады.

Отырыс шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, баға саясаты және сауданың жаңа стандарттарын енгізу мәселелері де талқыланды.

«Сауда сөрелерінде отандық тауарлардың болуын қамтамасыз ету және жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды жолға қою маңызды. Бұл өңірдің экономикалық тұрақтылығына және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174