«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкері Германияда тағылымдамадан өтті

2025 жылғы 31 Қазан
- Павлодар облысы
299 просмотров

Павлодар ауданында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес мүшесі, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасының қатысушысы Әдлет Резуанов Германияда өткен тағылымдамасының нәтижелерін ұсынып, әріптестерімен құнды тәжірибесімен бөлісті. «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылады және ол халықаралық байланыстарды дамытуға, қазақстандық кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ шетелдік үздік тәжірибелерді отандық кәсіпкерлікке енгізуге бағытталған.

Әдлет Резуанов аталған бағдарлама аясында тағылымдамадан өткен Павлодар облысының жалғыз өкілі болды. Бұл – оның жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ бүкіл өңір кәсіпкерлер қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Отырыста кәсіпкерлікті дамытуға қосқан белсенді үлесі және кеңес жұмысына атсалысқаны үшін Павлодар облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасымен Мадина Жұмадиева марапатталды. Мұндай кездесулер іскерлік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Павлодар ауданындағы бизнес ортаны жақсарту мен іскерлік ахуалды дамыту жолындағы бірлескен жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174