Ақсуатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы аудандық прокуратурамен бірлесіп, Ақсуат ауылында жергілікті кәсіпкерлер және бизнес-қауымдастық өкілдерімен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кездесу «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың негізі тақырыбында өтті.
Іс-шараны Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі бойынша жетекші сарапшысы Г.К. Әбілмажинова жүргізді.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан мынадай өзекті мәселелер көтерілді:
*негізсіз берілген ескертулер мен айыппұлдар;
*қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі;
*бөлшек салықтың арнайы режимі жөніндегі сұрақтар.
Сондай-ақ ауданның белсенді кәсіпкерлерінің тарапынан соңғы екі жыл бойы көтеріліп келе жатқан бөлшек салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету туралы ұсынысы талқыланды.
Кәсіпкерлер көтерген барлық мәселе аудандық және облыстық Кәсіпкерлер палатасының бақылауында болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: