Сөйле, бизнес! Қазақстанның 2025 жылғы егін жинау науқанынан не күтеміз?
Елімізде 23,6 млн гектар жерге бидай мен майлы дақылдардан бастап, көкөніс пен картопқа дейін егін егілді.
Мамандардың болжауынша, қамбаларға 18-19 млн тонна астық жиналуға тиіс.
Бұл репортажда біз елдегі егін жинау барысын, аграрлық сектор алдында ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді көрсетіп, фермерлерді шын мәнінде толғандырып отырған қойма тапшылығы, тозған инфрақұрылым, ішкі нарықтағы төмен бағалар сияқты мәселелер жайында сөз қозғаймыз.
Материалда «Атамекен» ҰКП өкілдері бүгінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қандай қолдау шаралары қажет екенін айтып берді.
Ұсынып отырған туындымыз — жай ғана сандар емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған адамдардың еңбегі жайында болмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: