«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Курорттық аймақтардың проблемалары: Президент қандай мәселені көтерді?

2025 жылғы 11 Шілде
693 просмотров

Мемлекет басшысы Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселесіне тағы да назар аударды. Себебі, танымал шипажайлардың туристік инфрақұрылымның дайындығы әлі де төмен.

«Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды», - деп мәлімдеді ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібай.

Туризм саласының өкілдері бірқатар инфрақұрылымдық проблемалардың бар екенін растап, 2020 жылдан бастап оларды жою бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Екі жыл бұрын бизнестің бастамасымен туризмді дамытудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Оның әрекет ету мерзімі 2024 жылдан 2026 жылға дейін ұзартылды. Аталмыш Жол картасының аясында Алакөл курорттық аймағындағы түйткілді мәселелерді шешу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өткен айда «Атамекен» ҰКП Төралқасының Туризм саласы Комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлер демалыс орындары мен туристік орталықтардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жыл сайын қайталанатын бірқатар проблемаларды тағы да анықтады.

Олардың негізгілері маусым айының басында кенеттен электр қуаты өшіп, құрал-жабдықтардың зақымдануына әкеліп соқтырған курорттық аймақтарда электр қуатының үзілуі. Интернеттің қолжетімділігіне қарамастан, биылғы жылы Kcell және Activ операторларымен байланыс сапасы төмен болды, бұл туристерге қызмет көрсету деңгейін төмендетеді.

Көшелерді жарықтандыру, ішкі жолдарды жөндеу, жұмсақ инфрақұрылым элементтерінің жоқтығы, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, сумен қамтамасыз ету мәселелері де өзекті күйінде қалып отыр.

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құтқарушылардың болуы, су көлігін реттеу маңызды мәселелер қатарында.

Сондай-ақ, оңтүстік пен шығыс жағалауды байланыстыратын бірден-бір жол бағыты болып табылатын Жалаңашкөл арқылы өтетін 8 шақырым жолды жөндеу өзекті мәселе болып тұр, бірақ оған қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты кәсіпкерлер бұл учаскені кем дегенде уақытша толтырып, тегістеуді талап етеді, өйткені автотуристер мен демалыс орындарына өнім жеткізушілер осы жолдың бойымен тұрақты жүреді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан проблемалық салаларға жүйелі мониторинг жүргізуді жалғастыруда, кәсіпкерлік субъектілерінің пікірлерін жинақтап, жедел шешімдер әзірлеу және өңірдегі туризм инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдармен және әкімдіктермен тұрақты диалог жүргізеді.

Айта кетейік, өткен жылдың маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды туристік аймақ ретінде танымал ету үшін белсенді қадамдар қажет екенін айтып, тиісті ведомстволардың жұмысын сынға алған болатын. Ол кезде Алакөл курорттық аймағы анти-көшбасшы ретінде белгіленді. Себебі, туристердің жоғары сұранысына қарамастан, ондағы қонақүйлер мен туристік орталықтардың саны ондаған бірлікке қысқарды. «Нәтижесінде бюджет тұрақты салық түсімдерін жоғалтады, ал өңірлер жұмыссыз қалады», - деп сол кезде Президент атап өткен болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер