«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

2025 жылғы 13 Мамыр
- Шымкент қаласы
364 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп атады.

Шымкентте Президент бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам ретінде бизнес пен оқу орындары арасындағы өзара байланысты нығайтуға басымдық берілмек. Әсіресе, дуальды оқытудың жол картасы аясындағы әріптестік нығая түседі.

Осыған орай қаламыздың жоғары сынып оқушылары өндіріс орындарын аралауда.

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, «Top Generation School» білім беру орталығының шәкірттері «Әлем-БТ» фабрикасында болды. Мұндағы мақсат – болашақ түлектерді жұмысшы мамандық иелерімен таныстырып, мәлімет беру.

«Шымкент қаласында 40-қа жуық колледж болса, соның 25-інде дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда. Онда 10 мыңға жуық студент өздерінің теориялық білімін кәсіпорындарға барып, тәжірибемен ұштастыра отырып білім алуда. Осының нәтижесінде жастар өз мамандығының теориясын ғана емес, практикалық біліктіліктерін де үйреніп, кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуде. Жалпы, Кәсіпкерлер палатасы мен қаламыздағы білім беру ұйымдары мықты мамандар әзірлеп, экономиканың барлық саласын дамытуға негіз болатын мықты әрі тұрақты жүйе құру бағытындағы жұмысты жалғастыра түседі», – дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы бөлім басшысы Жанар Алтаева.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын өңірлердегі кәсіпорындардағы мамандар қажеттілігіне мониторинг жүргізеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.kz платформасындағы бұл мониторинг еңбек нарығының қажеттілігін нақты анықтауға және техникалық және кәсіби оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға көмектеседі. Нәтижесінде білім беру ұйымдары мен оқу орталықтары өз бағдарламаларын кәсіпорындардың сұранысына орай бейімдеп, маман дайындаудың сапасы арта түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер