«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жұмысшы кадрлар - кез келген кәсіпорынның жұмысындағы маңызды буын...»

2025 жылғы 22 Қаңтар
- Павлодар облысы
256 просмотров

Қазақстанның «Литер» газетінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы жағдайында табысты жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығы туралы сұхбаты жарық көрді. Павлодарлық кәсіпкер, «Айсберг» ЖШС директоры, «Атамекен» Өңірлік Палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі Михаил Желнов Жұмысшы кәсіптері жылын жариялау экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз етуге көмектеседі деп санайды.

"Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы кәсіптері жылы деп белгіледі. Басты мақсат - жұмысшы кәсіп иелерінің мәртебесін арттыру, олардың еңбек қызметіне қолайлы жағдай жасау. Кәсіпкер ретінде білікті жұмысшы мамандығы бар кадрлардың - кез келген кәсіпорынның жұмысындағы өте маңызды буын екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта тек менің өндірісімде ғана емес, сонымен қатар қала мен облыстың ірі кәсіпорындарында да жұмысшы мамандықтар жетіспейді. Бұл жағдайда кәсiпорындар жұмысшы мамандықтарын даярлау жүйесiн жетiлдiру және жұмыс берушiлердi бiрлескен қызметке тарту мәселелерi көзделген iс-шараларға қатыса алады, онда кәсiптiк бiлiм берудiң практикалық және теориялық құрамдас бөлiктерi бiрiктiрiледi, яғни оқытудың дуальды нысаны iске асырылады.

Бiрақ мұндай оқыту жүйесiнiң табысты жұмыс iстеуi үшiн мамандар даярлаудың осындай жүйесiн регламенттейтiн заңнамалық және нормативтiк база әзiрленуi тиiс.

Мен Жұмысшы кәсіптері жылын жариялау еліміздің еңбек әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болатынына, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз етуге және кәсіпкерлерге өз жұмысшыларының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әрине, бизнес пен болашақ мамандардың және оқу орындарының түлектері жұмыс орындарымен, ал біз, жұмыс берушілер - бізге қажет кәсіби-техникалық кадрлармен қамтамасыз етілетін мемлекеттің мүдделерін біріктіру өте маңызды".

Михаил Желнов,

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер