«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңестеріне делегаттар сайлауы өтеді

2024 жылғы 09 Желтоқсан
- Астана қаласы
1219 просмотров

Астанада Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңестеріне делегаттар сайлауы өтеді. Қазіргі таңда қаладағы салалық кеңес мүшелері арасында талқыланып жатқан негізгі мәселе — осы сайлауға дайындық, оның ішінде делегаттарды таңдау тәртібі мен ережелерін түсіндіру.

Өңірлік кеңеске делегаттар сайлауы 2025 жылдың 20-22 қаңтарында өтеді.

Кандидаттардан өтінімдер қабылдау 2024 жылдың 10 желтоқсанынан 24 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Кандидаттар салалық кеңестердің мүшелері арасынан, сондай-ақ Астана қаласындағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және қауымдастықтардың бірінші басшылары мен атқарушы органының мүшелері арасынан таңдалады.

Өңірлік кеңес мүшесі болуға кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
  • салалық немесе аудандық кеңестің мүшесі, немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуы тиіс;
  • соңғы 3 айда салықтық қарызы болмауы тиіс;
  • заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы тиіс.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:

  1. жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысын немесе атқарушы органының мүшелерін кандидат ретінде ұсыну туралы өтініш (салалық санатын көрсету);
  2. кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартын көшірмесі (болған жағдайда);
  3. кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
  4. кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
  5. кандидаттың атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін);
  6. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоқтығын растайтын анықтама;
  8. кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы анықтама (заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе бағалы қағаздар туралы бірыңғай тіркеуші туралы анықтама - тек акционерлік қоғамдар үшін);
  9. сотталмағаны туралы анықтама.

Қауымдастықтан (одағынан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымнан Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеу үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. қауымдастықтың (одағының), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның Өңірлік кеңеске өзінің бірінші басшысын немесе атқарушы органның мүшесін ұсыну туралы өтініші;
  2. қауымдастықтың Өңірлік палатаның аккредитациясын растайтын құжаты;
  3. қауымдастықтың кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
  4. қауымдастықтың кандидаттың бірінші басшысы немесе атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжаты;
  5. қауымдастықтың кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  6. қауымдастықтың үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоқтығын растайтын анықтама;
  7. сотталмағаны туралы анықтама.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылдың 10-24 желтоқсан аралығында, үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 10-19 қаңтары аралығында, дауыс беру 2025 жылдың 20-22 қаңтары аралығында өтеді.

Айта кетейік, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі 2013 жылдың 28 қазанында кәсіпкерлік секторды консолидациялау, өсіру және дамыту мақсатында құрылды.

Біз Кеңесте қажетті білім мен тәжірибеге ие кәсіби мамандардың жұмыс істеуін қалаймыз, олар біздің жұмысымыздың басым бағыттарын анықтап, елордадағы бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сіздердің белсенді қатысуларыңыз бен сайлауға қатысуға деген талпыныстарыңыз бизнес -  қоғамдастықтың дамуында маңызды рөл атқаратындығына сенімдіміз, - деді Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин.

Ол елорда кәсіпкерлерін Өңірлік кеңес сайлауына қатысуға және шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосуға шақырды.

Құжаттарды келесі мекенжай бойынша офлайн тапсыруға болады: Б. Момышұлы даңғылы, 2/1, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі, байланыс орталығы 1432,  8 702 840 2338 (Әсем).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер