«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Владимир Кожевников: Неліктен қазақстандық сүт өнімдері ішкі нарықта төмен?

2024 жылғы 09 Желтоқсан
2568 просмотров

Бүгінгі таңда қазақстандық сүт өңдеу саласының даму деңгейі айтарлықтай жақсы. Соңғы 5 жылда Қазақстанда сүт өндірісінің оң өсу үрдісі байқалды. Мысалы, сары май өндірісі 64 пайызға, ірімшік пен сүзбе 49 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 12 пайызға, сүт 3 пайызға өсті.

Қазақстан Сүт одағының басшысы Владимир Кожевниковтың айтуынша, отандық кәсіпорындар ең заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, өнім көлемін ұлғайту шараларын қабылдауда.

Дегенмен, ол өндірістің өскеніне қарамастан, Қазақстандағы бірқатар сүт өнімдері импортқа тәуелді болып қала беретінін айтады. Сүт өнімдері импортының 90%-ға жуығы ЕАЭО елдерінен келеді (2023 жылы: Ресей – 140,6 млн. АҚШ доллары, Беларусь – 76,2 млн. АҚШ доллары және т.б.).

Мәселен, былтыр Қазақстан 381,9 миллион долларға сүт өнімдерін импорттады. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда бұл сома 288,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 2,5%-ға артық.

Сарапшының пікірінше, импорт үлесінің жоғары болуының бір себебі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, атап айтқанда Ресей мен Беларусь елдерінде ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау деңгейлерінің айырмашылығы болып табылады.

Сонымен қатар, импорттың үлесі осы елдердің өндірушілерді қолдаудың түрлі шараларын қолдануына байланысты артып отыр. Бұл оларға Қазақстанның ішкі нарығында, оның ішінде қазақстандық өндірушілерден айтарлықтай бағалық артықшылық береді.

«2024 жылдың қаңтарынан бастап Ресей сүт экспорттаушыларының логистикалық шығындарын 100% өтейді. Беларусь Қазақстанда Беларусь өнімдерінің дүкендерін ашу және пайдалану бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде 250-ден астам дүкен бар, олардың негізгі үлесі Алматы, Астана, Петропавл, Өскемен және басқа қалаларда», - деді Владимир Николаевич.

Владимир Кожевников экономикалық одақ құру кезінде елдер мемлекеттік қолдау шараларын теңестіруге келісті, бірақ қазіргі уақытта жағдай өзгеріссіз қалып отырғанын жеткізді.

«Мемлекет қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін шаралар қабылдап, стратегия әзірлеуі қажет», - деп түйіндеді сарапшы.

Сүт өнімдерінің импортқа тәуелділігі және Қазақстанның ішкі нарығындағы бәсекелестіктің тең емес жағдайлары тақырыбы көптеген жылдар бойы өзекті болып отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО аясында мемлекеттік қолдау шараларын үйлестіру және қазақстандық тауар өндірушілерге қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, осы проблемаларды жүйелі түрде көтеріп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер