«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысының салалық және аудандық кеңес мүшелері алдағы өтетін сайлау бойынша түсініктеме алды

2024 жылғы 07 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
2750 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының өткен аптада өткен барлық салалық және аудандық Кеңес отырысында Палатаның ҰКП мүшелерімен жұмыс жасау бойынша маманы Г.Таңатова кеңес мүшелеріне 2025-жылдың 27-29 қаңтары аралығында өтетін Өңірлік кеңесті құру тәртібі түсіндірілді.

Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау - Кәсіпкерлер палатасының аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлердің тікелей дауыс беруі негізінде жүзеге асырылады. Үміткерлер салалық және аудандық кеңес мүшелері құрамынан, сайланады.

Бірнеше салалық кеңестің немесе аудандық және салалық кеңестің бірдей мүшесі болып табылатын кеңес мүшесі өз кандидатурасын тек бір салалық немесе аудандық кеңестен ұсына алады. Сондай-ақ ол кемінде 1 ай осы кеңестің мүшесі болуы және соңғы 3 айда салық берешегі болмауы тиіс.

Өтінішті тіркеу туралы шешімді ҰКП сайлау комиссиясы қабылдайды, сондай-ақ, аталмыш комиссия кандидаттарға тексеру жүргізеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер