«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сенатта Қазақстанның фармацевтикалық нарық мәселелері талқыланды

2024 жылғы 18 Маусым
8308 просмотров

Дереккөз: pexel

ҚР Парламенті Сенатында Қазақстанның фармацевтика саласының жай-күйі мен даму перспективалары бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіптің төрағалығымен өтіп, оған жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер және бизнес палатасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Нұртөре Жүсіп фармацевтика саласының ұлт денсаулығы үшін маңыздылығын және оның медициналық препараттардың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі шешуші рөлін атап өтті. Іс-шара барысында бұл саланы дамыту елеулі инвестицияларды ғана емес, сонымен қатар бүгінгі нарықтың сын-тегеуріндері мен үрдістерін ескеретін стратегиялық тәсілді де талап ететіндігі баяндалды.

Фото: parlam.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша саланың ағымдағы жай-күйі Қазақстан аумағында дәрілік препараттарды өндіруде біршама ілгерілеушілік әрі тіркелген отандық фармкомпаниялар санының өсуі байқалады. Мәселен, бүгінде елімізде 14 мыңға жуық фармацевтикалық нарық нысаны тіркелген, олардың көлемі 949 млрд теңгеге жетеді. Салыстырмалы тұрғыда 2020 жылғы көрсеткіш 700 млрд теңге көлемінде болған.  

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин осындай көрсеткіштерге қарамастан, отандық фармацевтикалық нарық тоқырауда тұрғанын атап өтті. Себебі ОТӨ үлесі 2023 жылы 20%-дан 14,4%-ға дейін төмендеген.

Тоқыраудың негізгі факторлары ретінде заңнаманың және дәрі-дәрмектерге баға белгілеу тетіктерінің жетілмегендігі, фармацевтикалық және медициналық өнімдерге шекті бағалары көрсетілген бұйрықтарды бекітудегі кідіріс, мемлекет тарапынан сатып алу және қаржыландыру қағидалары шеңберінде ОТӨ жеткіліксіз қолдау, фармацевтикалық өнімдерді ел нарығына шығару рәсімдерінің ұзақтығын атап өтті.

«ҰКП-на отандық дәрілік заттарды өндірушілер дәрілік заттарды амбулаториялық тізбеден негізсіз алып тастау, сондай-ақ медициналық техниканың ОТӨ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу рәсімін кешіктіру мәселесі бойынша жүгінеді. Бұл ұзақ мерзімді шарттарға нұқсан келтіріп, ҚР инвестициялық тартымдылығын төмендетеді», - деді Амрин.

Ғылыми қауымдастықтың сарапшылары фармацевтика саласындағы өз зерттеулерін ұсынды. Фармацевтика – экспортқа шыға алатын санаулы салалардың бірі болғанымен, саланы дамытудың тоқырауы өндірушілердің рентабельділігі төмен портфелімен, экспорттық әлеуетінің төмендігімен және салалық ғылымның жойылуымен байқалатынын Инновациялық-индустриялық даму альянсының президенті Елена Ли атап өтті.

Отандық медициналық бұйымдарды, «Қазақстан Мединдустриясы» медициналық өнімдерін өндірушілер одағының Басқарма төрағасы Серікбол Мусинов өз атынан ОТӨ өнімдерін сатып алу бөлігінде әкімдіктер тарапынан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде сатып алу мониторингін жүзеге асыруды жеткізді.

Саланың барлық сын-тегеуріндері мен проблемаларын ескере отырып, «Атамекен» ҰКП атынан Мұрат Амрин отандық фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты әзірлеуді, сондай-ақ медициналық бұйымдардан дәрі-дәрмектерді бөлу және фармацевтиканың  ҚР нарығына шығуы рәсімдерін қысқарту жөніндегі заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жеделдетуді, оларды кейін цифрландыру, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар және дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу ережелері бойынша шекті бағаларды қалыптастыру қағидаларын қайта қарауды ұсынды.

Кездесу соңында Сенат депутаттары фармацевтикалық қауымдастықтың ұсыныстарын қолдады. ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, ҚР ДСМ-ге жіберілетінін айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер