«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Несие желісі, несие сомасын арттыру және басқа да мәселелер бойынша Алматы облысының кәсіпкерлері қызығушылық танытты

2024 жылғы 24 Сәуір
- Алматы облысы
1314 просмотров

Алматы облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында қаржы институттарымен және аудандардың кәсіпкерлерімен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Кездесу бизнес өкілдерінің өтініші бойынша түйткілді мәселелердің шешімін табу мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға «Даму» қоры, «Халық» банкі, «ЦентрКредит» банкі, «Жусан» банкі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «СПК Конаев» АҚ өкілдері және Алматы облысының кәсіпкерлері қатысты.

Жиында кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде, пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау бойынша мәселелер талқыланды.

Ұйғыр ауданынан келген кәсіпкерлер несие желісін ашу мүмкіндігі жайлы сұрап, жеке кеңес беруге шақырылды.

Несие беруде көптеген сұрақтар туындады, олар бойынша екінші деңгейлі банктер түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қаржы институттары мемлекеттік қолдау шаралары мен өз құрылымдары арқылы несиелендіру және «Даму» қорымен байланыс жүргізу жайында айта кетті.

Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысына келсек, облыстың әрбір ауданында қаржы институттарымен кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас