«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық «Абай Дәулет» кәсіпорны «Парыз» сыйлығының иегері атанды

2023 жылғы 12 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
8320 просмотров

Бүгін Елордада Президенттің жыл сайынғы «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. «Парыз» сыйлығының Гран-При жүлдесі «Абай Дәулет» ЖШС кәсіпорнына бұйырды.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде Қызылорда өңірінің кәсіпорындары «Qazaqstan Project Management Awards – 2023», «Іскер» және «Ұлы дала елі» сыйлықтарының жеңімпазы атанды.

«Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушісі» номинациясы бойынша «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» сыйлығының иегері йодталған тұз өндіруші компания «Алтын Орда» ЖШС атанды. «Мағжан и К» ЖШС «Үздік цифрлық жоба» номинациясы бойынша «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауының жеңімпазы болып танылды. «Іскер» сыйлығын екі бірдей кәсіпорын "Асылдән LTD" ЖШС күріш өндіруші компаниясы және медициналық мекеме «ALEXEY SULTAN AKHMET» ЖШС иеленді.

"Компаниямыз «Алтын сапа» сыйлығына қатысып, "Іскер" марапатына ие болғандығына шексіз қуаныштымыз. Осындай ауқымды іс-шараны өткізген барша ұйымдастырушыларға және ерекше Атамекен ҰКП-на, сондай-ақ Қызылорда облысының Атамекен өңірлік палатасына үлкен қолдау көрсетіп, кәсіпорнымыздың дамуна елеулі серпін бергені үшін зор алғыс білдіреміз. Бүгінгі марапат - ұзақ және қажырлы еңбектің нәтижесі деп білемін. Кез-келген бастама, кез-келген жоба, кез-келген тәуекелге бару әрқашан өз нәтижесін береді. Бүгінгі марапаттау рәсімі біз үшін үлкен тәжірибе болды, мұнда біз түрлі бизнес саласының өкілдерімен таныстық және алдағ уақытта олармен ынтымақтастығымыз нығая береді деп үміттенеміз", - деді «ALEXEY SULTAN AKHMET» ЖШС директоры Айжан Мукашева.

Салтанатты шараны Қызылорда өңірі облыс әкімі Н.Нәлібаевтың басшылығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының қатысуымен «онлайн» тамашалады.

«Президенттің «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары мен кәсіпкерліктің түрлі бағыттарындағы марапаттары отандық өнімнің сапасын арттыруға сөзсіз әсер етеді. Біздің ортақ мақсатымыз - "Made in Kazakhstan" өнімдерінің сапасын арттыру және әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына кіру. Мемлекет басшысы былтырғы сөзінде алдағы жеті жылда кәсіпкерлік саласының белсенділігін шектейтін барлық кедергілерді жою бойынша ауқымды іс атқарылуы қажеттігін атап өткен болатын. Осы орайда, бүгінгі күні бизнесті дамыту үшін нақты шаралар жүргізілуде және бүгінгі салтанатты рәсім де соның айғағы. Меніңше барлық кәсіпкерлер бүгінгі күнді жыл бойы күтті. Және бүгін олардың арасындағы таңдаулылары  сыйлық табыстау рәсіміне қатысуда. Әсіресе, Қызылорда өңірінің кәсіпкерлерін мақтанышпен атап өткім келеді. Бүгін олар өздерінің көп жылдық еңбектерінің арқасында марапатқа ие болды және мен оларды шын жүректен осы жетістіктерімен құттықтаймын", - деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық өз құттықтау сөзінде.

«Алтын сапа» сыйлығының барша жеңімпазын шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз. Сіздердің ел игілігіне бағытталған кәсіптеріңіз жыл сайын өсіп-өркендеп, өз жемісін бере берсін.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер