«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларына қатысушылардың назарына

2023 жылғы 29 Қараша
7219 просмотров

«Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларына қатысу үшін  отандық өндірушілер ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерекқорына және ҚазҚСҒЗИ сметалық бағалар жинағына қосылуы қажет. Жобаларға құрылыс материалдары, медициналық техника, жабдықтар және жиһаз өнімдерін өндірушілер қатыса алады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік базаны өзектендіру бойынша тұрақты негізде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлайды.

Бұл ретте, объектілерді жобалау процесінде негізгі ұлттық жобаларды іске асырудың қолданыстағы шарттарына сәйкес құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен қазақстандық қамтудағы жабдықтарды таңдау кезінде жобалаушылар мына базаларды басшылыққа алуы қажет:

  • Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқоры.  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ИИДМ дерекқоры) бекітілген;
  • Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік база.

 Жоғарыдағы ақпаратқа сәйкес «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларына қатысуға ниетті кәсіпкерлерге өндірілетін медициналық техника, жиһаз өнімдері, құрылыс материалдары мен жабдықтардың бағасын сметалық-нормативтік базаға  қосу немесе ҚазҚСҒЗИ сметалық бағалар жинағының жобаларындағы ағымдағы бағаларды қайта тексеру қажет.

Бұл ретте құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарын Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасына енгізу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі мына сілтеме бойынша көрсетілген.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сметалық бағалар жинағына ақпарат беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҰКП өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Арнур Дарбаевқа мына байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 919329, 87015081358, a.darbayev@atameken.kz.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас