«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алакөлден айырылып қалуымыз мүмкін: кәсіпкерлер не үшін алаңдайды

2023 жылғы 18 Қыркүйек
- Абай облысы
11246 просмотров

Алакөлді дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Ол Абай облысының туризмінің көптеген түйткілді мәселесін қамтиды. Алайда, проблемалар әлі де қзекті. Бүгінгі таңда бизнес өкілдерінің сұрағы бар: жол картасы іске асырудың қай кезеңінде тұр? Маусым өтіп кетті, енді келесіге дайындықты бақылау маңызды.

Абай облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Салалық даму жөніндегі директордың орынбасары Саят Бокишевтің төрағалығымен Туризм жөніндегі кеңес өтті. Кеңестің мақсаты – туристік компаниялардың мәселелерін тыңдау және оларды шешуге ықпал ету. Бүгінгі таңда Абай облысының кәсіпкерлер палатасы «Алакөл көлінің жағалауындағы туристік аймақты дамыту жөніндегі жол картасын» орындауды өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Кәсіпкерлер өткен маусымда шешім таппаған көпжылдық мәселелерге шағымдануды жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, жолдағы аяқталмаған жөндеу, қоқыс контейнерлері, дәретханалар, киім ауыстыратын кабиналар, су бетіндегі қалтқы, жол белгілерінің және мамандандырылған көліктердің болмауы, сондай-ақ қоршаулар, жарықтандыру, тротуарлардың болмауы бар.

«Мұны өз көзіңізбен көріп, барлық проблемаларды сол жерде көтеріп, түзетіп, шешу қажет», – деп есептейді туризм салалық кеңесінің төрағасы Қанат Чикибаев.

Туристік фирмалар тағы бір маңызды мәселеге назар аударды. Қазір сумен жабдықтау және су бұру мәселесі, сондай-ақ курорттық аймақтың пайдалы қасиеттерін жоғалту қаупі жоғары.

«Жақында біз Алакөлді лас, қоқысқа толы жерлер салдарынан жоғалтамыз. Екінші полигон алыс емес, оған түскен қоқыстың бәрі жер асты суларымен Алакөлге түседі. Туристер келетін судың сапасы нашарлауы мүмкін. Мәселе жаһандық сипатқа ие», – деп атап өтті демалыс үйлерінің өкілдері.

Кәсіпкерлер өңірдің туристік әлеуетін атап өтіп, маусымдық туризмді тек жаз мезгілінде ғана емес, қыс мезгілінде де дамытуды ұсынды. Бірінші кезекте кәсіпкерлер Алакөлдің табиғи мұрасы мен емдік қасиеттерін сақтау, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді сұрайды.

«Кәсіпкер бәрін өзі жасай алмайды. Кем дегенде, курорттың табиғи бірегейлігін сақтау маңызды, біздің немқұрайлылығымызға байланысты біз Алакөлдегі бар нәрсені жоғалтуымыз мүмкін», – деп алаңдайды кәсіпкерлер.

Сонымен қатар, Кеңес шеңберінде жедел іс-қимылды талап ететін негізгі түйткілді мәселелер бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеу және оларды жою үдерісіне мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер