«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Абай облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы сайланды

2023 жылғы 19 Шілде
- Абай облысы
5348 просмотров

Абай облысы ӨКП  Өңірлік кеңесінің ұйымдастыру отырысында Әсемқан Досқожанов кеңес төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Облыстың жаңадан құрылған Өңірлік кеңесінің бірінші отырысында басқарушы құрамға қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселе қаралды. Еске салсақ, Абай облысының кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдың екінші ақпанында құрылған.

 Өңірлік кеңес – өңірлік палатаның бақылау органы. Оның құрамына кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері мүше.  Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалог алаңы. Кеңес мүшелері өңірде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсетеді, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, облыстағы іскерлік ахуалды қалыптастырады.

Өңірлік кеңестің күн тәртібі шеңберінде өңірлік палатаның аудандық филиалдары жанындағы кәсіпкерлер кеңестерінің құрамы бекітілді. Сондай-ақ Абай облысы кәсіпкерлер палатасының тиісті ауданы филиалының директоры лауазымына аудандық филиалдар директорларының м.а. кандидатуралары келісілді.

 Өңірлік кеңеске «DaewooBus» ЖШС бас директоры Әсемқан Досқожанов басшы болды. Кандидат бір ауыздан қабылданды.

 Өңірлік палата басқарушы құрам мүшелерін таныстырды. Осылайша, жобалық даму жөніндегі басқарушы директор лауазымына Мақсат Сүйшінов тағайындалды. 

 «Палата жұмысы біс негізгі бағытта жүргізілетін болады. Атап айтқанда, құрылыс, машина асау, сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы. Өңірдің бизнес-қоғамдастығының 70%-ы шағын және орта бизнестен құралады. Біз олардың дамуына ерекше назар аударамыз және ол үшін барынша күш саламыз», – деп уәде берді Мақсат Сүйшінов.

 Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінде Абай облысы кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директоры болып Наиль Мамараев тағайындалғанын, ал салалық даму жөніндегі директордың міндеттерін Саят Бокишев жалғастырып жатқанын хабарлаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас