«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайдан келген туристер қандай?

2023 жылғы 13 Шілде
4864 просмотров

 Қазақстан мен Қытай арасындағы туристер үшін визасыз режим енгізілді. Визасыз режимнің туристік ағынға қалай әсер еткені туралы сарапшы айтты.

2022 жылғы шілдеде Қазақстан Қытай азаматтары үшін біржақты тәртіппен визасыз режим ашты. Елімізде визасыз болудың ең ұзақ мерзімі 14 күнді құрады. Пандемияға дейін Қытай үшін арнайы 72 сағаттық визасыз транзиттік режим жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта Қытай азаматтарының Қазақстанда болуы шекарадан өткен сәттен бастап 14 күннен аспауы тиіс. Осы мерзімнен асып кетсе, виза алу қажет.

Бұл қағидалар Қазақстанға туристік ағынды тартуға қалай әсер еткені туралы сарапшы айтты.

 Skyway LTD директоры Әсем Қозбағарованың айтуынша, Қытаймен визасыз режим былтыр енгізілгеніне қарамастан Қазақстанға келген қытайлық туристер саны көп емес. 

 «Былтыр Қазақстанға аз санды бизнес туристер ғана келді. Өйткені Қытайдың өзінде ковидке қатысты шектеу болып, олар өз азаматтарын осы жылдың көктеміне дейін карантинде ұстады. Осы жылдың наурызынан бастап Қытай ковид шектеуін шешіп, туристерге шетелге шығуға рұқсат берді», – деді Әсем Қозбағарова.

 Әзірге Қытайдан Қазақстанға туристер ағыны қаншаға өскенін айту қиын.

 «Қытайдағы шектеудің алып тасталғанына жарты жылға да болмады. Сондықтан келушілердің саны бойынша 2019 жылдың көрсеткішіне жеттік пе, айту қиын. Шекараны өту статистикасы бойынша жетуіміз мүмкін. Олардың барлығы турист болғаны, болмағанын айта алмаймын. Мұны кейінірек бағалауға болады. Сонымен қатар 2019 жылы транзиттік туристердің үлкен ағыны болған, биыл олардың саны аздау», – деді туроператор.

 Қытайдан келген туристерді қазақстандық магаполистер – Астана мен Алматы қызықтырады. Өйткені оларды жергілікті мәдениет пен дәстүр қызықтырады, қытайлық туристер мұражайлар мен көрмелерге қуана барады. Сондай-ақ қытайлар үшін табиғи орындар-қорықтар мен саябақтар үлкен қызығушылық тудырады. Сондықтан Қытайдан келген туристер Алматы өңіріне жиі барады.

 Қытайдан келген туристердің басым бөлігі зейнеткерлер.

 Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим ел азаматтарына шетелде жұмыс істеу құқығын бермейді. Визасыз режим тек туристік және іскерлік сапарларға: келісімшарттар, келіссөздер, кеңес беру қызметтері және басқа да іскерлік мақсаттар үшін қолданылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер