«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Орта Азияның экономикалық орталығы: әлемдік сарапшылар Қазақстандағы бизнес әлеуеті туралы айтты

2023 жылғы 09 Маусым
3600 просмотров

Отандық бизнес үшін «Астана» халықаралық форумына қатысу үлкен маңызға ие. Астана халықаралық форумы – өзіміз, өз әлеуетіміз, бизнес-мүмкіндіктеріміз және бәсекелестік артықшылықтарымызды көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Сонымен қатар, форумның алаңы әлемдік бизнес-қоғамдастықты саралау, халықаралық трендтерді бағалау және бизнес серіктестер табу мүмкіндігі. Форум алаңдарында кәсіпкерлер үшін бірқатар кездесу ұйымдастырылып, онда бірнеше миллион долларға бірқатар келісімшарт пен мәмілелер жасалды. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП панельдік сессиясы аясында Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

 «Геосаяси шиелініске қарамастан Қазақстан Орта Азияның экономикалық локомативі ретіндегі жұмысын жалғастырып келеді. Біз шетелдік ірі инвестицияларды тарту және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін айрықша жағдайды қамтамасыз етуды жалғастырамыз. Сонымен қатар, біз шетелдік серіктестер тарапынан өзара жауапкершілікке үміттенеміз. Бұл шара еліміздің экономикалық дамуында өте маңызды рөл атқаратын шағын және орта бизнес үшін тең құқық пен мүмкіндіктер жасайды. Өткен жылы Қазақстанның экспорты 40%-ға өсті. Біз автомобиль, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау сияқты салаларда өсуді байқап отырмыз», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум жұмысын ашып.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл диалог алаңы қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайға байланысты экономикалық, экологиялық сын-қатер мен қауіпсіздік мәселелеріне келелі жауап іздеу үшін құрылған.

«Қазір әлемдік экономика тұрақсыз. Оған жетекші әлемдік державалар арасындағы сауда шиеленістерінің жалғасуы себеп болып отыр. Геосаясаттағы өзгерістер қазақстандық бизнеске кері әсерін тигізбей қоймады. Кейінгі 2-3 жылда оның салдары тіпті ауыр болды. Жаһандағы логистикалық тізбектердің бұзылуы, саудадағы шиелініс, бұрын-соңды болмаған инфляциялық қысым – қазіргі ахуалдың айнасы. Осындай жағдайда бизнес пен билікке бірлесіп қозғалу керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың наурызында Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және бизнесті қолдау бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды. Қазіргі ахуал, бюджет шектеуіне байланысты біз барлық кәсіпкерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту қиын міндет екенін түсінеміз», – деді Ұлттық палата басшысы.

Спикер өңірлерде 3-5 басым сала немесе қосалқы салаларға назар аударуды ұсынды. Әр облыста орта және ірі жобаларға инвестиция сала алатын кәсіпкерлер бар. Мұнда өңірдің мамандануы ескеріледі. Райымбек Баталовтың айтуынша, инвестицияларды тарту – бір жағынан шетелдік және жергілікті инвесторлар, екінші жағынан компаниялар мен корпорациялар арасындағы тұрақты диалог болады. Диалог процесінде ғана инвестициялық жобалар қалыптасып, инвестциялық ағындар дамиды.

БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы, Әбу Даби сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Абдулла Мұхаммед әл-Мазруи бұл пікірмен келісті. Ол Орта Азия  елдерінің экономикалық орталық ретінде қызмет етуі үшін экономикалық әртараптандыруды ынталандыру және түрлі секторларға инвестиция салу маңызды екенін атап өтті.

 «Орта Азияның экономикалық орталыққа айналуы тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және сауда алмасуды ынталандыру сияқты аймаққа негізгі пайда әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ел үшін тамаша экономикалық сипаттамалар, инвестициялық орта және тұрақты саяси ландшафтқа ие болу маңызды. Олар бүкіл әлем бойынша экономикалық құлдырауға қарамастан сақталып, өсуі мүмкін. Осы ерекшеліктердің ішінде: стратегиялық орналасу, перспективалы экономикалық орта, икемді экономикалық заңдар және бизнесті жүргізудің оңайлығы, пайда немесе капиталды қайта экспорттауға ешқандай шектеудың болмауы», – деп атап өтті БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы.

Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының бас хатшысы Мұстафа Рифат Хисарджиклиоглу форумда Қазақстан Түркияның ОРта Азиядағы бас серіктесі екенін айтты.

«1992 жылы 30 миллион доллардан басталған екіжақты сауда көлемі 150 есеге өсіп, бүгінде 5 миллиард долларға жетті. Түркия сауда және тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Қазақстанның топ-5 елінің қатарына кіреді. Қазақстанда үш мыңнан астам түрік компаниясы тіркелген. Біздің мердігерлер шамамен 30 миллиард доллар тұратын 500 жобаны аяқтады. «Атамекен» ҰКП-мен бірге біз қазақстандық әріптестерімізбен оқу мен тәжірибе алмасудың көптеген бағдарламасын ұйымдастырдық. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпкерлер палаталары жүйесі Орта Азиядағы ең табысты жүйелердің біріне айналды деп санаймыз. Сонымен қатар, екіжақты экономикалық және сауда қатынасымызды нығайту үшін Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының форумын бірлесіп құрдық. Қазақстан Ұлы Жібек жолының орта дәлізінде стратегиялық маңызды ел. Бұл біз бірге жұмыс істеуіміз керек тағы бір сала», – деп қорытындылады спикер.

Мұстафа Рифат Хисарджиклиоглу Астана халықаралық форумындағы сараптамалық талқылаулар маңызды жүйелі реформаларды жүргізу үшін ортақ тіл мен саяси шешімдерді табуға көмектесетініне сенім білдірді.

«Атамекен» ҰКП дәстүрлі түрде еліміздегі бизнес-процестерді іштен білетін негізгі ұйым ретінде мемлекеттік сектор мен кәсіпкерлер арасындағы көпір ретінде өте маңызды функцияны орындап отыр.  Сондықтан Ұлттық палата осы Халықаралық форумның басты ұйымдастырушыларының бірі болды. Мұның бәрі отандық бизнесті халықаралық аренаға шығару, ең жақсы халықаралық серіктестер мен  халықаралық бизнесті жүргізудің ең жақсы мүмкіндіктерін табуға көмектесу үшін жасалып жатыр.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас