«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады

2023 жылғы 09 Маусым
2220 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді 13 маусымда өтетін шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының таныстырылымына шақырамыз.

Іс-шара барысында қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары, оларды қалай алуға болады және ол үшін не қажет екені туралы ақпарат ала аласыз.

 Презентацияға қатысатын ұйымдар:

  1. Ұлттық экономика министрлігінің мамандары кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтады;
  2. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін қаржылай емес қолдау шаралары туралы ақпарат береді;
  3. «Даму» АҚ өкілдері Қордың субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікпен несиелеу туралы әңгімелейді;
  4. Аграрлық несие корпорациясының өкілдері агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларын түсіндіреді;
  5. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы-гранттық қаржыландыру алу мүмкіндіктерін баяндайды;
  6. «Kazakh Tourism» АҚ – туристік саладағы бизнесті қолдауға бағытталған құралды айтады;
  7. «Банк Центр Кредит» АҚ – несие беру, субсидиялау және кепілдік беру механизмі, қарыз алушыға қойылатын талаптар турал әңгімелейді;
  8. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – экспорттаушылар үшін қолдау шаралары туралы айтады.

Тіркелуге сілтеме: https://forms.gle/hDpMzzFyQy2iFrNn7

Дәл сізге ыңғайлы болатын бағдарлама, мүмкіндік туралы ақпарат алуға келіңіз!

Күн: 13 маусым

Уақыты: 10:00

Өтетін орны:  Астана қ., Мәңгілік ел д-лы, ЭКСПО аумағы, ASTANA HUB

С4.6 павильоны

Тікелей эфир  «Атамекен» Youtube каналында көрсетіледі 

www.youtube.com/@Atamekenkz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас