«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жастарды қолдау арқылы біз алға басамыз» – Worldskills-Abai алғашқы өңірлік чемпионаты басталды

2023 жылғы 17 Сәуір
- Абай облысы
6909 просмотров

Семейде алғашқы рет WorldSkills-Abai - 2023 өңірлік чемпионаты өтуде. Абай облысының  25 колледжінің студенттері сайыста бақ сынап, үздік атағы үшін күресіп, өз өнерін көрсетуде. WorldSkills-Abai-2023 өңірлік чемпионаты World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады, ол республика бойынша жетіспейтін жұмысшылар мен құрылыс кәсіптерін танымал етуге бағытталған.

World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты жыл сайын өткізіледі. World Skills Kazakhstan жобасының талаптарына сәйкес келетін колледждің әрбір білім алушысы, ЖОО студенті немесе жас маман еліміздің ең ауқымды «жұмысшы қолдар олимпиадасында» өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие.

 «Үш күн мерзімінде Абай облысының 12 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің алаңдарында біздің студенттер мен жас мамандар өздерінің кәсіби біліктіктерін көрсете отырып, байқауға түседі. Айта кететінім, биыл байқау 53 құзыреттілік бойынша өткізілетін болады, оның ішіндегі 30 құзыреттілік міндетті болып табылады. Биылғы жылдың ерекшелігі – ауылды елді-мекендерде орналасқан және жеке меншік колледжердің студенттерінің белсендеілігі», – деп атап өтті Абай облысының білім беру басқармасының басшысы Нуржан Ахметкалиев.

World Skills Kazakhstan миссиясы-кәсіптік бағдарлау, кадрлар даярлау, сараптамалық қоғамдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын техникалық мамандықтар бойынша кадрлармен қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыру.

 «Абай облысында, тіпті бүкіл Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы өткір мәселе болып табылады. Өңіріміздің кәсіпорындарында 2025 жылға дейінгі талдау бойынша 3 мыңнан астам маман жетіспейді, сондықтан жастарды кәсіпкерлікке тарту өте маңызды. Жастар – біздің болашағымыз, еліміздің өркендеуіне біздің аймақтың түлектері орны жетпес үлес қосатынына сенімім зор, өйткені Абай облысында ниетті, қабілетті, ерекше таланты бар жастар өте көп. Оларға тәжірибе жинауға, білімге деген қызығушылығын арттыруға көмектесіп, өз өнерін көрсетуге мүмкіндік беріп, бастамаларын қолдау – біздің басты міндетіміз. Сонымен қатар, жастардың бізге қазіргі таңда өте қажет керемет қабілеті бар – жағдайға өзгеше қырынан қарау. Олар жаңа идеялар ұсынады, елімізге жаңа тыныс ашатын мүмкіндік береді. Оларды қолдау арқылы біз алға басамыз», – дейді Абай облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасының м.а. Әлия Журсымбаева.

2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында чемпионатта 53 құзыреттілік бойынша көшбасшылар анықталады: наубайхана шеберлігі, мейрамхана қызметі, аспаз дело, мехатроника, электроника, электр монтаждау жұмыстары, сандық басқарылатын станоктарда токарлық жұмыстар, дәнекерлеу жұмыстары, желілік және жүйелік әкімшілік, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, плиткамен қаптау, веб-дизайн, шаштараз, киім дизайны және модельдеу, CAD инженерлік графикасы, сантехника және жылыту, шанақты жөндеу, ағаш ұстасы, жүк көлігіне қызмет көрсету, ағаш ұстасы, графикалық дизайн, шатыр жабыны, флористика, жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, визуалды сауда және витриналар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас