«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Базарлар қызметінің мәселелері мен келешегі

2023 жылғы 17 Наурыз
4974 просмотров

Ұлттық палатаға әмбебап базарлардың өкілдері жүгінді. Базарларға 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жаңарту жұмыстары жүргізілуі тиіс болатын. Кәсіпкерлер жаңарту шарттарына наразы және мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді сұрайды.

Базарлардағы «контейнерлер» мен басқада «көше қатарлары» сауда үйлері түрінде станционарлы объектілерге ауыстырылуы керек. Жаңартудың мақсаты осы. 2018 жылдан бастап елімізде Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 110 әмбебап базардың 74-і жаңартылды.

Қазіргі кезде 36 базар әкімдіктердің жер учаскелерін жалға алу мерзімін ұзартпауы (базар иелері меншікті анықтаудың түсінікті механизмі болмаса, инвестициялай алмайды), жеңілдікті қаржыландыру жоқ, сондай-ақ кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеуі себебінен жаңартылмады. Бұл базарларда сауда орындарының (жалға алушылардың) жалпы саны 23 мыңға жуық, ал жұмыспен қамту жалпы алғанда 100 мыңнан астам адамды құрайды.

 «Кәсіпкерлер палатасы бірнеше рет Сауда және интеграция министрлігіне әмбебап базарларға жеңілдетілген қаржыландыру және жаңарту мерзімдерін ұзарту түрінде мемлекеттік қолдау шараларын беру туралы ұсыныстар жолдады», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Әлібек Момынбеков.

Алайда, сарапшының айтуынша, Сауда министрлігі жаңарту мерзімдерін ұзарту және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың орнына сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, аумақты күтіп ұстау, сауда алаңдарын жабдықтауға қойылатын талаптардың жаңа жобасын әзірледі.

ҰКП сарапшыларының пікірінше, базарлардағы экономикалық жағдайды ескере отырып, шектеуші сипаттағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану орынсыз. Бұл ретте министрлік базарлар жұмысына бизнестің жауапкершілігін күшейтетін қосымша талаптар енгізуге ниетті. Бұл шаралармен Ұлттық палата келіспейді.

Жаңарту жөніндегі заңнамалық талапты іске асыру базарлардың жабылуына және саудагелердің жұмыс орындарының жоғалтуына әкеп соғады.

Сондай-ақ, ақпараттық жүйе түрінде сауда қызметін реттеу бойынша министрлік ілгерілетіп жатқан нормасын атап өту қажет. Түзету жалдау шарттарын жасау, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету және осы ақпараттық жүйе арқылы қызметті жүзеге асыру қажеттілігі, сондай-ақ сауда орнын жалға алу үшін төлемдерді қолма-қол ақшасыз тәсілмен не төлем шотын жазу жолымен қабылдау жүйесін көздейді.

 «Министрлік жаңа ақпараттық жүйені таныстырған жоқ. Бұл бастаманың мақсаттылығы қандай, қандай көздерден қаржыландырылады, операторы кім болады, белгісіз.

Ұлттық палатаның теріс қорытындысы жіберілді, бірақ өкілетті орган кәсіпкерлердің пікірін елемей жатыр. Министрліктің өзі  бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, жаңарту мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатқанына қатысты позициясын жариялап жатыр.  МТИ бүгінге дейін ҰКП-ға нақты позициясы бар ресми құжатты жіберген жоқ.

Кәсіпкерлердің талабы ескеріліп, жағрыту мрезімін ұзарту және мемлекеттік қолдау көрсету түрінде базаралар мәселесі шешіледі деп сенеміз», – деді Палата өкілі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас