«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП мамандары өңірлік әуежайларды субсидиялау тәртібін айтты

2023 жылғы 17 Наурыз
7801 просмотров

Бұл норма жылына 200 мың жолаушыдан кем жолаушылар ағыны бар коммуналдық әуежайларға қатысты қолданылады және көлік мәселелері заңнамасындағы өзгерістер шеңберінде көзделіп отыр.

Кәсіпкерлер палатасы бірнеше жыл бойы меншік нысанына және жолаушылар ағынының мөлшеріне қарамастан тиімділігі төмен әуежайлар мәселесін көтеріп келеді. «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаменті директорының орынбасары Инесса Жұмабаеваның айтуынша, коммуналдық әуежайларды субсидиялау халықаралық тәжірибе.

 «Коммуналдық әуежалайрды субсидиялау олардың төмен тіимділігін ескерсек шағын әуежайларды қолдаудағы маңызды қадам. Әуежайлардың қызметі уәкілетті органдар тарапынан реттелген. Көптеген әуежай қызметтеріне тарифтер, оның ішінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет тиімсіз. Осыған байланысты әуежайлардың инфрақұрылымы мен техникалық жабдықталуы күрделі салымдарды қажет етеді. Мысалы, Еуропалық Одақ елдерінде жолаушылар ағыны жылына 200 мыңнан кем әуежайлардың қызметін қолдау мемлекет тарапынан тікелей шығындардың 75%-на дейін өтеу жолымен тікелей субсидиялау арқылы қамтамасыз етіледі», – деді Инесса Жұмабаева.

 2022 жылғы деректерге сәйкес Қазақстанда үш коммуналдық әуежай жылына 200 мыңна аз жолаушыға қызмет көрсеткен (Павлодар – 143846 адам, Петропавл – 72999 адам, Талдықорған – 56156 адам).

Коммуналдық әуежайларды жергілікті бюджет қаражатынан субсидиялау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілген түзету арқылы мүмкін болды. Әкімдіктерге ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, коммуналдық әуежайларды пайдалану мен күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер берілетін болады. Ал өңірлердің экономикалық даму бағдарламалары Қазақстандықтардың мобильділігін арттыру қажеттілігін ескере отырып, жергілікті әуежайларды дамыту жөніндегі шаралармен толықтырылатын болады.

 Әзірленген тәртіпке сәйкес негізгі қызметтен түскен табыс пен әуежай шығыстарының сомасы арасындағы айырма субсидияланатын болады. Құжат қазір мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өтіп жатыр.

 «Әуежай ай сайын жергілікті атқарушы органдарға өтінім береді. Оны әкімдік жанынан құрылған комиссия қарайды. Субсидиялауға жататын сома комиссияның бірауыздан шешімімен айқындалады», – деді Инесса Жұмабаева.

 Спикердің айтуынша, мұндай қолдау өңірлік әуежайлардың инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді, инфрақұрылымды сапалы дамыту мүмкіндіктері пайда болады. Бұл тиісінше жолаушылар ағыны мен жүк ағынының өсуіне, сондай-ақ өңірлердің іскерлік белсенділігі мен экономикалық дамуына оң әсер етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас