«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Абай облысының аудандарында кәсіпкерлер қаржылай емес қолдау алу үшін қайда жүгіне алады

2023 жылғы 13 Наурыз
- Абай облысы
6804 просмотров

Абай облысының Кәсіпкерлер Палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша тегін қызметтер ұсынылғаны туралы хабарлайды. Мұнда сіз Палатаның аудандық филиалдарының мекен-жайларының тізімін таба аласыз.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бағыты бойынша:

1) ШОБ субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы консультация беру;

2) кәсіпкерлік қызметті жүргізуді бастау мәселелері бойынша консультация беру (ЭҚЖЖ және салық салудың оңтайлы жүйесін іріктеу);

3) шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша консультация беру;

4) Екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында және даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинау жөніндегі қызмет;

5) бизнес-жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру;

Құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша:

1) ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша консультация беру;

2) лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша кеңес беру;

3) сатып алуларға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттарды жинау және өтінімді ресімдеу қызметі;

4) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алудағы қызмет.

Қызметтер тегін ұсынылады.

Барлық сұрақтар бойынша аудандық КҚКО-ға келесі мекенжайлар бойынша хабарласуға болады:

* Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфулин көшесі, 106.Байланыс телефоны: +7 778 149 1627

* Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай Хан даңғылы 87.Байланыс телефоны: +7 777 316 1077

* Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Абылайхан көшесі, 19.Байланыс телефоны: +7 777 146 2207

* Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 62.Байланыс телефоны: +7 705 795 5789

* Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Қабеков көшесі, 16.Байланыс телефоны: +7 701 104 1313

* Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары көшесі, 24 үй.Байланыс телефоны: +7 775 573 1824

* Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мамай көшесі, 31.Байланыс телефоны: +7 708 643 5581

* Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 73.байланыс телефоны: +7 776 323 8333

Толығырақ ақпаратты Абай облысы Кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінен Семей қаласы, Абай алаңы көшесі, 5 мекенжайы бойынша, немесе 8 (7222) 350-959 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Жұмыс уақыты және қызмет көрсету сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі-жексенбі.

Сондай-ақ жоғарыда аталған қызметтерге портал арқылы онлайн режимінде тапсырыс беруге болады https://G4B.kz.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас