«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атыраулық кәсіпкерлер «Жайлы мектеп» жобасына белсенді қатысуға шақырылды

2023 жылғы 28 Ақпан
- Атырау облысы
6689 просмотров

Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің отырысында айтылды.

Бұл жолы жиналысқа жиһаз саласында жұмыс істейтін бизнес субъектілері шақырылды. Сондай-ақ, жиынға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Еске салсақ, қазір Қазақстанда «Жайлы мектеп» 2023-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін жаңа білім беру объектілерін салу арқылы апаттық жағдайдағы мектептер, үш ауысымды оқу, оқушы орындарының тапшылығын жоюды көздейді. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі – 2.6 трлн теңге. Бұл қаражатқа еліміз бойынша 401 жаңа мектеп, оның ішінде Атырау облысында 12 мектеп салынады деп күтілуде.

«Бұл өңір үшін маңызды жоба. Қазір кәсіпкерлеріміздің жобаға барынша тартылуы керек. Яғни, жобада қолданылатын материалдар, жабдықтар, жұмыстар мен қызметтер жергілікті болуы керек. Мысалы, барлық осы нысан үшін жиһаз қажет болады. Біз өз өндірушілерімізді көрсетуіміз керек, олар отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілуі тиіс», – деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Азамат Асылбеков.

Комитет басшысының айтуынша, бүгінде Атырау облысында 100-ден астам жиһаз өндіруші бар. Бұл негізінен шағын бизнес субъектілері. «Жайлы мектеп» жобасы үлкен көлемді қажет ететіндіктен, жергілікті жиһаз жасаушыларға бірігу қажет болуы мүмкін.

«Кооперация мәселесі көптеген мәселені шеше алады. Мысалы, бүгінде жиһаз өндіруге арналған барлық шикізат негізінен Ресейден әкелінеді. Бұл шағын бизнес субъектілері үшін өте қымбат логистика. Шағын көлемде қалай бастауға болады, сіз барлық жиһаз жасаушылар оңтайлы бағамен сатып ала алатын орталық қойма құра аласыз. Кадр және жабдықтар бірдей мәселе. Егер бірнеше кәсіпорын бір өнеркәсіптік аймақта орналасқан болса, онда кейбі мамандардың еңбекақысын бірлесіп төлеуге болады. Жабдықтарды біріктіре отырып, «Жайлы мектеп» жобасындағыдай үлкен тапсырыстар алуға болады», – деп санайды Азамат Асылбеков.

Осыған байланысты, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақбөбек Шарғабаева қазіргі уақытта «Шағын өнеркәсіп паркі» бағдарламасы әзірленіп жатқанын, оның шеңберінде өндірістік үй-жайлар ШОБ субъектілеріне жеңілдікті шарттармен берілетінін айтты.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті өндірушілерге «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

«Палата жанынан құрылған комитеттердің отырыстары тұрақты негізде өтетін болады. Мұнда біз кәсіпкерлерімізді «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру қарқыны туралы хабардар етеміз және олардың оған қатысуына жәрдемдесетін боламыз. Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын, мектептерді жарақтандыруды отандық кәсіпкерлер толық орындауы міндеті қойылып отыр. Қазір біз кәсіпорындарға барамыз, өндірушілеріміздің материалдық-техникалық базасымен танысамыз және оларды отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу бойынша жұмыс жүргіземіз, онда жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін компаниялардың тізімі қалыптастырылады», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Жиын барысында Палата мамандары кәсіпкерлерге индустриялық сертификат пен СТ-КЗ сертификатын қалай алуға болатыны туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, өндірушілер, оның ішінде жиһаз өнімдерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Соңында бизнес субъектілері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

О нас