«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарнасын енгізу бизнеске қосымша салмақ салады – Ұлттық палата

2022 жылғы 22 Қараша
9567 просмотров

Жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу және мерзімін 2023 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қаңтарға ауыстыру жөніндегі заңнамадағы өзгерістер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді.

«Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – Жұмыспен қамту мәселелері департаментінің директоры Айдана Тоғызбаеваның айтуынша,  жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарнасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша түзетулерді қоғамдық талқылау сатысында-ақ бизнес-қоғамдастық өңілдері 5%-дық жарнаны енгізу  іс жүзінде халықты зейнетақымен қамсыздандыруда қосымша жүктеме болады деген ортақ пікір білдірді.

«Әлеуметтік аударымдар ставкасының өсуін ескерсек, жұмыс берушінің жұмысшы үшін зейнатақылық жарнасын кезең-кезеңмен енгізудің өзінде бизнеске қосымша қаржылай салмақ болады. Жұмыс беруші өз шығындарын азайту және нақты еңбекақыны көрсетпеу үшін еңбекақы қорын қысқарту және қызметкерлер санын азайтуды ойлай бастайды», – деді Айдана Тоғызбаева.

Осылайша, бизнес-қоғамдастықтың құқығы мен мүддесін қорғауды ескеру және жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені айзату мақсатында жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңмен енгізу қолдау тапты.

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарау барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарнасын кезең-кезеңмен  енгізу  және оларды енгізу мерзімін шегере отырып мынадай түзетулер қабылданды: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз.

 

 

 

        

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер