«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер салық және кеден заңнамасына реттеушілік әсерді талдауды алып тастауға қарсы

2022 жылғы 27 Қазан
9183 просмотров

Бизнес-қоғамдастық өкілдері салық және кеден заңнамасына реттеушілік әсерді талдаудың күшін жоюға қарсы. Бұл туралы кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП алаңында тікелей эфир барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бизнес-ахуалға реформалар қажет екенін атап өтті, өйткені реттеуші жүйе әлі де ауыр, жазалау пәрмені басым.

 «Мемлекет басшының тапсырмасын кейбір ведомстволар өзінше түсінеді деген пікір қалыптасады. Президент экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмей екенін атап өтті. Өкінішке қарай, біз мемлекеттік органдардан реттеуді күшейту әрекеттері азаймайтынын көріп отырмыз. Біздің ойымызша, бұл жайт Мемлекет басшысы айтқан тезистерге сәйкес келмейді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

 Іс жүзінде салық және кеден кодекстеріне түзетулер әзірлеу кезінде Реттеушілік әсерді талдауды өткізу туралы талап жиі ескерілмейді. Әзірлеуші ұсынған әрбір екінші түзету қосымша міндеттерді белгілеуге немесе кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені ұлғайтуға бағытталған. Егер талдау алынып тасталса, онда әлеуетті пайда мен шығындарды бағаламай және кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың шектеусіз санын белгілеумен, үстірт шешім қабылданады.

 «Реттеушілік әсер талдауынан бас тарту – артқа шегінуді білдіреді. Мысалы, акциздік реттеудің реттеуші әсерін талдаусыз қалай бағалаймыз? Мысалы, зиянды аналогтардың денсаулыққа зиянын азайтатын өнімдерге баламалы акциздер –  іс жүзінде өз халқын өлтірумен тең. Яғни, біз адамдарды зиянды тағамдарды аз тұтынуға ынталандырмаймыз.  Бұл денсаулыққа зиян тигізеді және акциздердің өсуін ғана байқаймыз. Бірақ халықтың денсаулығының жақсарғанын көрмейміз. Ретушілік әсерді талдау –  бизнесті ғана емес, бүкіл халықты қорғау құралы», – деді «Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова.

 Бұдан басқа бұл бастама халықаралық нормаларға қайшы деп санайды «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары Ирина Аңсарова. ЕАЭО туралы шарттың 15-тармағына сәйкес Комиссияның экономикалық қызметке қандай да бір түрде әсер ететін барлық шешімдері реттеушілік әсерді бағалаудан өтуі тиіс.  

«Бұл ретте ЕАЭО бекіткен регламентте кеден заңнамасында ерекшеліктер жеке тұтыну үшін тауарларды өткізу мәселелері, дипломатиялық тұлғаларды және тауарларды жіктеудің кейбір ерекшеліктерін реттейтін актілер болуы мүмкін делінген. Қазір осы келісімшартқа қосылған Қазақстан кеден заңнамасынан алып тастау және сонымен бірге салықтық реттеушілік әсерді талдауды алып тастау туралы ұсыныспен шығады», – деп атап өтті спикер.

 «Атамекен» ҰКП «таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі жобалау тобының мүшесі Ерлан Бұзырбаев Реттеушілік әсерді талдау бизнеске ғана емес, барлық мақсатты топтарға, мемлекетке және жалпы халыққа әсерін бағалауға мүмкіндік береді деп санайды.

«Бұл мемлекеттік орган тарапынан дұрыс қолданыс таппаған құрал. Ол тек мемлекеттік органдарға шешім қабылдауға неғұрлым салмақты және ойластырып, қарауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда талдау тіл қатпайды және бизнестің пайдасына реттеуді шектеуге басымдық бермейді. Кез келген реттеу қащанда кәсіпкерлерге жүктеме екенін түсіну керек. Мемлекеттің міндеті – ең аз шығындардың оңтайлы жолымен жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау. Осыған байланысты, МКК позициясы  мемлекеттік емес мүдде көздейді. Онда мемлекеттік орган тиісті талдаусыз өз қалауы бойынша шектеулер енгізу үшін өз жұмысын жеңілдеткісі келеді. Менің ойымша, бұл жайт мемлекеттік жоспарлау жүйелеріне тікелей қайшы келеді. Мемлекеттік кірістер органдары бұл құралдың мәнін түсінбейді», – деді спикер эфирде.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер