«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

2022 жылғы 24 Тамыз
13674 просмотров

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

 

Жария талқылау мақсатында Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (қайта құру) арқылы «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы сұрауы жарияланады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі тарапынан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты құжаттарды зерделеу барысында осы мектепті «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «В.Терешкова атындағы орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ретінде қайта құруға лайықты деп тапты.

Өз кезегінде жоғары аталған мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарына сәйкес деп танылған.

Жарғы жобасының 17-тармағына сәйкес мынадай негізгі жарғылық қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда:

1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

2) оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және оларды дамыту;

3) оқушылардың қабілеттіліктерін анықтау және дамыту;

4) ата–аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, отбасы және білім беру мәселелері бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру;

5) оқушының бос уақытын ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс шараларын өткізу;

6) ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

7) Қазақстан Республикасы мен шетелдердің білім беру және мәдени ұйымдарының олимпиадаларына, конференцияларына, конгресстері мен өзге де ынтымақтастық форумдарына қатысу;

8) балаларды (5 жастан бастап) мектепте білім алуға дайындау үшін мектепалды дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

9) бейін алды және бейіндік сыныптарда жеке тұлғаға бағытталған, дамытушы қосымша бағдарламаларды іске асыру;

10) мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта ұсыну сапасын және мерзімдерін жыл сайынғы (есептік (күнтізбелік) жылдың қорытындысы бойынша) бағалауды сақтау бойынша мониторинг жүргізу және

бақылау;

11) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер

шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

12) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан

пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

13) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

14) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

15) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың

қосымша қызметтерін ұсыну;

16) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

17) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын

жіберу;

18) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

19) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқутәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру;

20) ғылыми зерттеулерді жүргізу;

21) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік

жалдауға (жалға) беру.

Құрылтайшы – Алматы облысы әкімінің аппараты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер