«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Форс-мажор туралы куәлік

2021 жылғы 22 Ақпан
27859 просмотров

Пандемия кезінде енгізілген шектеулер кәсіпкерлерді келісімшарттық қатынастарды бұзуға мәжбүрледі. Форс-мажор туралы куәлік қай кезде көмектеседі, құжатты қалай алуға болады, форс-мажор туралы куәлікті алу үшін кәсіпкер қанша теңге жұмсайды, саралап көрейік

 Форс-мажор – еңсерілмейтін күш жағдайы. Оның салдарынан келесімшартты орындау мүмкін болмай қалады. Форс-мажор жағдайларына табиғи апаттар, эпидемиялар, шекаралардың жабылуы, ереуілдер және диверсиялар, соғыстар мен терактар, биліктің заңнамалық актілері жатады. Сондай-ақ форс-мажорға:

 -болжауға мүмкін емес қалыптан тыс ситуация;

-келісімшартты орындауға тікелей байланысты салдар;

-тараптардың әрекеті оның салдарын болдыртпауға көмектеспейтін жағдайды жатқызуға болады.

Қазақстанда форс-мажор туралы куәлік Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен 2014 жылдан бастап беріледі. Куәлікті алу үшін құжаттардың электронды нұсқасын Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының поштасына жіберу керек – info.icc.kz@gmail.com.  Өтінімді қарау және куәлікті беру мерзімі құжаттар пакеті беріліп, қызметке төлем жасалған соң 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 Қажетті құжаттар:

  1. заңды тұлғаларға - тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, жеке кәсіпкерлерге - кәсіпкерлік қызметті бастау туралы хабарламамен қоса жазбаша өтініш.
  2. ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы анықтама.
  3. Заңды мекенжай (индекс), байланыс деректері (қолданыстағы жұмыс және мобильді телефон нөмірлері), электронды пошталар, төлемге шот көрсету үшін банк реквизиттерін көрсетумен WORD форматында реквизиттер.
  4.  Контракт, сипаттамалар, контрактіге қосымшалар, қосымша келісімдердің сканерленген көшірмелері.

Егер форс-мажорлық жағдай шекарада жүктің тұрып қалуымен байланысты болса келесі құжаттар сұралады:

-кедендік декларациялық парақтар

-теміржол жүкқұжаттары

-тауар-көлік жүкқұжаты

-экспедитормен келісімшарт

-уақытша сақтау қоймасына жүкті жеткізу туралы хат

-өткізу пунктін көрсетумен шекарада жүктің тұрып қалуы кезеңі туралы экспедитордың хаты

Қажет болған жағдайда, еңсерілмейтін күш жағдайы бойынша қорытындыны шығару үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасында қосымша құжаттар сұралуы мүмкін, атап айтқанда:

 Егер форс-мажорлық жағдай басқа елде орын алса:

Аумағында еңсерілмейтін күш жағдайы орын алған шетелдік мемлекеттің сәйкес органы берген ресми құжатты (анықтамалар, хаттар, хабарламалар, бұйрықтар, ұсынымдар) көрсету керек. Сол елдегі сауда-өнеркәсіп палатасының сертификаты.

 Қызмет құны:

1-қадам. Құқықтық талдау жүргізу.

Бір келісімшартқа қызмет құны ҚҚС-ты есептегенде (2021 жылы АЕК – 2 917 теңге) 15 АЕК  немесе 49 007 теңге. Осы келісімшартпен қайталама көмекке жүгінуде төлем жасалмайды.

Егер орган форс-мажор туралы куәлікті беруден бас тартса, төленген сома қайтаруға жатпайды.

 Қызмет үшін 15 АЕК көлемінде төлем жасау форс-мажор туралы куәліктің берілуіне кепілдік бермейді.

2-қадам. Форс-мажор туралы куәлік алу.

- егер мерзімі өткен міндеттеменің құну 100 000 теңгеге дейін соманы құраса – куәландыру құны құқықтық талдау құнына кіреді (15 АЕК);

 -егер мерзімі өткен міндеттеменің құны 100 000 теңгеден асқан жағдайда – келісімшарт бойынша мерзімі өткен (орындалмағана) міндеттеменің сомасынан 1% көлемінде, бірақ 850 АЕК-тен артық емес төлем алынады.

 Форс-мажор компанияны келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерден босатпайды және серіктеспен келісімшартты тоқтатпайды. Куәлік міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен ғана босата аталады – яғни, компаниядан шығындар, міндеттемені орындамау, өсімақы, айыппұлдарды өндіріп алуға болмайды. Бизнеске шектеу шаралары алынып тасталғанда компания өз міндеттемелерін келісімшартта көрсетілген мерзім ішінде немесе басқа мерзімде орындауы тиіс.

 Еске салсақ,  форс-мажор туралы куәлік форс-мажор жағдайын танудың кепілі емес. Әр нақты жағдайда сот жеке қарайды, ал Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қорытындысы – дәлелдің пір парасы ғана.

 Анықтама ақпаратты мына байланыс нөмірлерінен алуға болады: +7 708 585 4281 немесе Ұлттық палатаның байланыс орталығы: 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер