«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оңтүстік астананың рестораторлары: бізге карантиндік шектеулер уақытында нақты жұмыс істеуге ережелер қажет

2020 жылғы 13 Қараша
- Алматы қаласы
8529 просмотров

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы алаңында қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлердің, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовпен және басқарма басшысы Еркебұлан Оразалинмен кездесу өтті. Кәсіпкерлер тарапынан «Атамекен» ведомствоаралық комиссияға қарауға жіберетін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы туралы өз ұсыныстары айтылды.

Бизнесмендер өздерін аса мазалап отырған мәселелері туралы айтып өтті: караокерлердің, бильярд залдардың иелері сегіз айдан бері жабылып тұрғандығы, жалдау қарыздары барлық мүмкін болатын шегінен асып кеткендігі, қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберілгендігі; рестораторлар үнемі өзгеріп отыратын «ойын ережелерінің» салдарынан уақыт бойынша қатаң шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр екендіктері, нәтижесінде түсетін пайда шығындарды өтемейтіндігі, бизнесмендер жағдайды өзгертпесе, олар күйрейді, мыңдаған қызметкерлер көшеде қалады деп сенімді. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің айтуынша, қазір нарыққа «қара ниеттілер» шықты - бастамашыл адамдар жерасты түнгі клубтарын ұйымдастырады, өйткені мұндай мекемелерге сұраныс жоғары және заңсыз жұмыс істейді.

«Неге бәріміз осында келдік. Біз сындарлы әңгіме болғанын қалаймыз. Мұның барлығы бейбіт жолмен шешілуі қажет. Біз қауымдастықпен бірге, төтенше жағдай мен карантин уақытында өз тарапымыздан барлық мүмкіндіктерді туғыздық. Біз бәріміз вирустан қорықтық, ауырып қалудан қорықтық, оның тезірек аяқталғанын қалаймыз. Біз бұл жағдайды екі айға ғана жалғасады және кейін бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз деп ойладық. Сондықтан да біз дәрігерлерге көмектесу керек деп шешіп, 1300 дәрігерді екі жарым ай бойы тамақтандырдық. Енді бізге көмек керек, біз шетте қалып кеттік», - деді Қазақстан рестораторлары қауымдастығының төрайымы Гүлнара Катибаева.

«Атамекен» өз кезегінде пандемияның алғашқы күндерінен бастап, Қазақстанның рестораторлар қауымдастығымен және осы саладағы жеке кәсіпкерлермен байланыста болды. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды үкіметке бірнеше рет жібердік, саланың өткір мәселелері елдің премьер-министрімен кездесулерде айтылды », - деді Айтуар Қошмамбетов.

Егер кәсіпкерлердің айтқандарын қорытындылайтын болсақ, онда олардың ұсыныстары төмендегідей:

- күшейтілген санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тыйым салынған қызмет түрлерін (боулингтер, бильярд бөлмелері, караоке, банкет залдары) ашу;

- мекеменің ауданына және отыратын орындардың ең көп санына байланысты залдағы қонақтар саны бойынша шектеулер;

- санитарлық дәрігердің қаулыларының жобасын «Атамекенге» талқылауға жіберу;

- санитарлық дәрігердің қаулыларын сапалы орындау мүмкіндігі үшін алдын-ала жариялау;

- қызметкерлер мен қонақтар үшін жоғары деңгейдегі қорғанысты қолдана отырып, мекемелерге қатысты шектеу шараларын жеңілдету. Ол үшін бақылау парағын жасап, осы шарттарды орындауға дайын ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру қажет;

-  телефон нөмірлері тіркелген және QR код сканерленген жағдайда ғана қызметкерлер мен келушілерге клубтарға, барларға және қоғамдық тамақтану орындарына кіруге рұқсат етілетін QR-код (Ресей Федерациясымен ұқсас) арқылы тіркеу жүйесін пайдалану. Бұл тәжірибені бизнесті толығымен жабудың баламасы ретінде қарастыруға болады;

- әр түрлі типтегі мекемелер үшін сараланған жұмыс кестесі.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бизнес тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды тыңдады.

«Қазір сіздер қауымдастық пен «Атамекеннің» айналасына топтасып, ұсыныстарыңызды жинап, оларды Республикалық «Атамекенге» жіберулеріңіз қажет, ал олар өз тараптарынан Үкіметке жеткізіп, оларды қайта қарайтын болады», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер