«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Квазимемлекеттік компаниялардың қызмет түрлері қысқартылады

2019 жылғы 12 Ақпан
7147 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың рұқсат етілген қызмет түрлерін қысқарту мәселесі талқыланды. Жиын мемлекеттік органдар қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың төрағалығымен өтті

Квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың рұқсат етілген қызмет түрлерін белгілейтін қолданыстағы заңнама жеке секторға белсенді қызметті дамытуға және экономика саласындағы бәсекеге қабілетті салаларды еншілеуге мүмкіндік бермейтіні анық.

 Бұған қоса кейбір тауарлық нарықтарда мемлекеттік органдар, сонымен қатар мемлекеттік қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестері бизнес ортаға қарағанда артықшылығы – жалпы бәсекелікті шектеп отыр.

Осыған байланысты аталған  жұмыстың бір бағыты  – мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғаларға арналған рұқсат етілген түрлер тізбегіне тұрақты мониторинг жүргізу және өзектендіру болып отыр.

 Қазіргі таңда мемлекеттік қатысу үлесі бар АҚ және ЖШС-леріне арналған қызметтің 345 түрі рұқсат етілген, мемлекеттік кәсіпорындар 40 салада жұмыс істейді.

Талқылау барысында қызметтің 57 түрі қаралды, оларды жоғары аталған тізбектен алып тастау ұсынылып отыр.

 Өз кезегінде мемлекеттік органдар кейбір қызмет түрлерін алып тастауға қатысты алаңдаушылық білдірді, өйткені оларды орындау заңнама актілерімен қарастырылған.

 Мәселен, «Казгеология» АҚ өкілі Мейіржан Алмаздың айтуынша, «Барлаулық бұрғылау» қызмет түрін алып тастау (Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесі 43130) кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыстарды орындауға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ сәйкес деректер базаларын тиісті жүргізбеуге әкеп соғады.

 Осы ретте көрсетілген Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесін алып тастау осы тауарлық нарықтарда жеке кәсіпкерлер барымен байланысты, бұл дегеніміз квазимемлекеттік сектордың осы нарықтарға қатысуы үшін мүмкіндіктердің жоқтығын көрсетеді.

Сонымен қатар аталған кәсіпорынды құру мақсаты – бәсекелестікті шектемей мемлекеттік органдар және бизнес-кәсіпорындар арасында операторлық қызмет көрсету  болып отыр.

 Тура осындай ситуация «Жолдар және автомагистральдарды салу» (Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесі 42111) қызмет түрін алып тастауға қолданылады, осы мәселеге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері А.Мұсаев және Е.Тереқұлов алаңдаушылық білдірді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аталған қызметті дербес орындаусыз жолдар құрылысы бойынша ұлттық оператор болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша монополияға қарсы орган және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің рұқсат етілген қызметінің тізімін қысқарту бойынша жұмысты күшейтуді ұсыну туралы шешім қабылданды.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндегі III форумда нарықтағы квазимемлекеттік компаниялардың үлесін кем дегенде екі есеге қысқартуды ұсынды.

 Осы ретте өкілетті орган 2019 жылға тауарлық нарықтарға қосымша 73 талдау жүргізу туралы ұсынысты қолдады, талдау нәтижесі бойынша аталған тізбекті қысқарту туралы мәселе шешілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер