«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын тез арада қабылдау-уақыт талабы

2018 жылғы 02 Қараша
6672 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының машина жасау және металл өңдеу комитетінде өткен алқалы жиында осындай қорытынды шығарылды.

Комитет отырысы «ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаевтың төрағалығымен Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімовтың, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қуаныш Бишімов машина жасауды толық қаржыландырмау экономиканың дамуын тежейтінін  атап айтты.

«Кешенді жоспар үшін жыл сайын 500 млрд. теңгеден кем емес қаражат қажет. Бұл 5 жыл ішінде машина жасаудағы өндіріс көлемін жылына 3 трлн теңгеге дейін 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Тек сонда ғана тиімді даму туралы айтуға болады», - деді Қуаныш Бишімов.

Осы жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы барысында кешенді жоспар 1000-нан астам салалық сарапшылар арасында кеңінен талқыланды. Жобаны толықтыру бойынша 100-ден астам ұсынымдар әзірленді, оның ішінде:

- қаржылық қолдау шаралары (лизингті оңайлату, стартаптарды венчурлік қаржыландыру),

- салықтық жеңілдіктер (сараланған салық мөлшерлемесі, ҚҚС нөлдеу, жабдықтарды импорттау кезінде кедендік баждардан босату),

- ғылым мен базалық салаларды дамыту (өнеркәсіпті дамыту қорын құру, шыңдау мен құю шығару жөніндегі базалық кәсіпорындарды құруды мақсатты қаржыландыру, машина жасаудың республикалық конструкторлық бюросын ұйымдастыру),

- сұранысты ынталандыру және экспортты жылжытуға арналған шаралар (межелі елде сертификаттауға арналған шығындардың өтемақысын ұлғайту, экспорттық кредит беру көлемін ұлғайту, экспорттық баж салығын төмендету, сатып алу ережелерін өзгерту).

«ААМЖЗ» АҚ бас директоры Жетпісбай Едігеновтің пікірінше, сала кәсіпорындары үшін табиғи монополиялардың жеңілдетілген тарифтерін ұсынуға назар аудару қажет.

«Атамекен» ҚР ҰКП тариф белгілеу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстап, өз ұсыныстар пакетін дайындайды. Электр энергиясына үшуақыттық тарифті қалпына келтіру мәселесін мұқият қарастыру керек», - деп қолдады Қуаныш Бишімов.

 «Біз өңдеу өнеркәсібі саласының бірінші болып кешенді жоспар әзірледік. Ол жақын арада ҚР ИДМ - не және одан әрі Үкіметтің өнеркәсіптік дамуы жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін болады», - деді Мейрам Пішембаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның «КазАвтоПром» автомобиль саласын өндірушілер одағының оқшаулауды арттыру жөніндегі ұсынысы Комитеттің қолдауына ие болды.

«Оқшаулауды тереңдету үшін біз оларды жүзеге асырған кезде ҚҚС - тан босата отырып, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасының жиынтықтауыштары үшін өнеркәсіптік құрастыру режимін енгізуді ұсынамыз», - деді «КазАвтоПром» Басқарма төрағасы Серік Рахимов.

Утилизациялық алымды төлеу мақсаында өнім тізбесін кеңейтуге арналған ұсыныстар өткір пікірталас туғызды. Утилизация жүйесін ұйымдастыруға жауапты «Оператор РОП» ЖШС өкілдері автокөлікпен салыстырғанда ауыл шаруашылығы техникасын есепке алудың күрделі екендігін айтты.

«Арнайы ХҚКО арқылы есепке алуды неге енгізбеске? Сізге бұл мәселені мұқият зерттеп, бір аптадан кейін қайта қарауды ұсынамын. Біз енгізген түзетулер Парламенттен кері қайтпауы керек», - деп түйіндеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы Мейрам Пішембаев.

Комитет төрағасының орынбасары Павел Беклемишев өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан машина жасау жөніндегі салалық кеңестер құруды ұсынды.

«Отандық машина жасауды шоғырландыру бойынша одан әрі қадамдар қажет. Салалық кеңестер саланың өңірлік дамуында маңызды рөл атқаруы тиіс және сонымен бірге республика деңгейінде қызметті жүйелендіру мен шоғырландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстанның машина жасаушылар одағының өңірлік өкілдіктері қазіргі жүйе негізінде құрылуы мүмкін», - деді Павел Беклемишев.

Комитет мүшелері анағұрлым дамыған машина жасау саласы бар өңірлердің ӨКП жанынан салалық кеңестер құру қажеттігін қолдады (Қарағанды, Павлодар облыстары, ШҚО, Алматы қаласы).

Саланың кадрлық әлеуеті де шетте қалған жоқ. Ұлттық палатаның адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева «Тұран-Профи» университеті Қарағанды машина жасау консорциумымен бірлесіп жасаған 3d-технологиялар саласындағы кәсіби стандарттарды ұсынды.

Комитет мүшелері бұл жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін бір ауыздан мақұлдады.

«Бұл кәсіби стандарттар – біздің саладағы «тұңғыштар», сондықтан оларды тағы да мүдделі кәсіпорындармен келісу қажет», - деп Комитет мүшелерінің жалпы көзқарасын білдірді Мейрам Пішембаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер