«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытай Алматыны халықаралық сауда-логистикалық хаб ретінде қарастыруда

2018 жылғы 19 Қыркүйек
- Алматы қаласы
9380 просмотров

«Жібек жолының» жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан Азия мен Еуропа түюсуінде   бірегей геоэкономикалық позицияға ие

Алматыда Гонконг саудасын дамыту бойынша кеңестің HKTDC (Hong Kong Trade Development Council) кеңсесі ашылды. Қазақстандық өкілдіктің ашылуына HKTDC төрағасының орынбасары Реймонд Ип және  Қытай мен Гонконгтың 70 ірі көлік, құрылыс, инвестициялық, сауда және қаржы корпорациялары өкілдерінен құрылған бизнес делегациясы  қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Дінмұхамед Әбсаттаров қатысты. Өзінің баяндамасында спикер Ұлттық палатаның 5 жыл ішіндегі жұмысының негізгі нәтижесіне тоқталды, отандық тауар өндірушілерді қолдау, бизнестің құқығын қорғау, реттеу саласын оңтайландыру, сонымен қатар бизнесті нақты индикативті деректермен сервистік сүйемелдеу  құралдары туралы атап өтті.

«Жыл сайын жеке секторды шағын несиелеу механизмдері кеңейіп келеді, халықты кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту жүзеге асырылуда. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аударылған. Ұлттық палата бәсекеге қабілетті бизнесті  ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдауды ұсынып отыр. Ал бизнес өз тарапынан өндірістерді орнықтыру керек», – деді Дінмұхамед Әбсаттаров.

 ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары берген ақпарат бойынша Қазақстанның ЕАЭО мүше мемлекеттерімен бірыңғай кеден-экономикалық кеңістіктегі мүшелігіне байланысты Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвесторларға жақсы мүмкіндіктер ашылып отыр. Кәсіпорындарға жүргізілген паспорттау ҚР-да және серіктес мемлекеттерде импортты алмастыруға үлкен әлеует бары анықталды. Өңдеу өнеркәсібінің 8 саласы бойынша «Еуразия бестігі» мүшелерінің импорты 270 млрд АҚШ долларын құрап отыр, Қазақстандікі – 27 млрд АҚШ доллары. Осы ретте отандық компаниялардың 57% көрсеткіште орташа жүктелуін есепке алсақ, өндірсітің өсу дәлізі айтарлықтай кең.

Дінмұхамед Әбсаттаров қытай тарапын Алматыда Гонконгтан кейінгі әлемдегі 8-ші сауда-логистикалық хабты құру бойныша жұмысты бастауға шақырды. Ол үшін барлық көліктік және геоэкономикалық мүмкіндіктер бар.  

«Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа Жібек жолының орталығында орналасқан. Келешекте үш экономикалық блок – Солтүстік Америка, Азия мен Еуропа әлем экономикасын қалыптастыратын болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы жүретін транзит көлемінің 36 млн тоннаға, ары қарай күніне 50 млн тоннаға дейін өсуі күтілуде. Еуропалық одақ және ҚХР арасындағы сауда алдағы екі жылда 800 млрд АҚШ долларынан асады», – деді Басқарма мүшесі.

Дінмұхамед Әбсаттаров Қазақстан дүниежүзілік ЖІӨ-нің үштен екі бөлігі бақыланатын әлемнің  бөлігінде орналасқанына шетелдік делегацияның назар аудартты. ЕАЭО мемлекеттерінің халық саны 180 млн адамды құрайды, орта Азия елдерінің халық саны – 50 млн адам, ал Батыс Еуропаның халқы 300 млн адамды құрап отыр. Осы макроаймақта Қазақстанның оңтүстік астанасының көліктік-сауда мүмкіндіктері, оның геостратегиялық орналасуы мен тарихи қалыптасқан сауда арналары жақын болашақта Алматы қаласын халықаралық сауданың өңірлік орталығына айналдыратыны сөзсіз.

Өз кезегінде HKTDC Гонконг саудасын дамыту бойынша кеңес төрағасының орынбасары Реймонд Ип осы ұсынысқа толық қолдау білдірді. Ол Астана қаласында жұмыс істеп тұрған Халықаралық қаржы орталығы (AIFC) және Алматыдағы трансмемлекеттік сауда хабтың юрисдикциясына ағылшын құқығы мен  субъектілерді қорғаудың (Гонконг арнайы автономды өңіріндегі балама бойынша )  англо-саксондық жүйесін енгізу мүмкіндігін айтты.  

Қазақстан мен Орта Азиядағы HKTDC өкілдігінің басшылығына Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Төрағасының кеңесшісі Ақеркін Эралиева тағайындалды. HKTDC өкілдігінің кеңсесі Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында орналасады.

 Анықтама үшін:

 HKTDC Гонконг саудасын дамыту бойынша кеңесі – 1966 жылы ҚХР Үкіметі қаулысымен бекітілген ресми орган. Бұл сыртқы сауда ұйымы сауда компаниялары, тауар өндірушілер мен қызмет жеткізушілерге әлемдік аренада көмек көрсетеді. HKTDC жаһандық желісі әлем бойынша 40-тан астам өкілдігі бар, өкілдіктер сыртқы саудаға жәрдемдесу үшін қызметтердің кең спектрін ұсынып, Гонконгты Қытайдың Азиямен бизнес жүргізуіне арналған платформа ретінде алға жылжытуға ықпал етеді.

   Ортаазяилық өкілдіктің қызмет ету аясында тамыз айында Гонконгта өткен Food Expo халықаралық көрмесінде, Hong Kong Fashion Week жеңіл өнеркәсіп көрмесінде қазақстандық павильон ұйымдастырылып, оған отандық тауар өндірушілер қатысты. Қазан айында Electronics Asia (электроника) және Light Expo (жарық беру құралдары), Eco Asia Expo Asia («жасыл» технологиялар) көрмесіне қазақстандық делегация қатысады деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер